Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«МЕН ОТАНЫМНЫҢ АЗАМАТЫМЫН»


26 января 2013, 00:50 | 1 990 просмотров


Мақсаты:Балаларға туған республикамыздың жер көлемі туралы түсінік беру.Оның астанасы,елтаңбасы,әнұраны,жалауы туралы түсініктерін шыңдау.Қазақстанның кең байтақ жері бар екенін, оның қойнауы байлыққа толы екенін түсіндіру.

Қолданылатынәдіс-тәсіл:Түсіндіру,әңгімелесу,жеркартасы, сұрақ-жауап және ойын.

Көрнекілік құралдар:

Қазақстанның рәміздері, жер картасы.

Сабақ барысы:Егеменді еліміздің әнұранымен басталады. Балалар бір-бірімен амандасады, жылы сөздер айтады.

Балалар:Елімізде тыныштық болсын! Аспанымыз ашық болсын! Күніміз жарық болсын!Бәріміз дос болайық! Деніміз сау болсын.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бүгін осы кең байтақ жеріміз, бәріміздің Отанымыз Қазақстан туралы және оның жер байлығы туралы айтқым келеді.

Батысында қар жатса,

Шығысында көктем ел.

Ол шеті мен бұл шеті

Жеткізбейтін неткен ел,-бұл қай ел деп ойлайсыңдар балалар?

Балалар: Қазақстан біздің ел.

Тәрбиеші:

-Сендер еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Ту қандай түсті кім айтады?

Мирас- Отан туы желбіреп

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп

Туған жердің туына.

Жания- Сүйесің ғой далаңның

Гүл жайнаған алабын.

Білесің ба сен бірақ,

Қазақстан жалауын

Көкшіл жалау ол дағы,

Білгенің жөн сен дағы.

Тәрбиеші: Әнұранымызды кім айтады екен?

Алинур- Қазақстан ғажап өмір байтағым,

Күндей күліп, гүлдей өсіп жайқалдың.

Барлық ұлтпен бауырласып, достасып,

Қазағымның әнұранын айтамын.

Тәрбиеші: Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?

Алихан- Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ,

Төбесінде жұлдызы

Тұр ғой әне жарқырап.

Тәрбиеші: Кең байтақ Қазақстанның астанасы қай қала екен?

Нурлан- Астана арман қала

Бағы бір жанған қала,

Тұрады ол жап жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Тәрбиеші: Балалар біз қай қалада турамыз?

Балалар: Талдықорған қаласында.

Тәрбиеші: Ойынның да кезегі келіп қалыпты бәріміз бір ойын ойнайық.

Ойын: «Ұшақ» Бәріміз ұшаққа отырып бас қаламыз Астанаға ұшамыз. Астана қандай әсем қала. Енді қайтадан Талдықорған қаласына ұшып келейік.

Тәрбиеші: Мынау балалар біздің отанымыздың картасы, көптеген қаласы бар Қазақстан жері неткен әсем. Табиғаты тунған сыр. Балалар осы байлығы мол отанымыздың Азаматымыз, қорғаушысы да сендерсіңдер. Өскенде кім болғымыз келеді екен? (балалар өз ойларын айтады).

Тәрбиеші:Дайындап келген тақпағымызға да кезек берйік.

Нурасыл- Отан менің ата-анам,

Отан досым бауырым,

Отан өлкем астанам,

Отан туған ауылым.

Заңғар- Отан жерім,отан суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан ұран, отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Расул- Вот где все

Дышит сказкою

Родились мы живем.

Поэтому край наш ласковый

Родиной мы завем.

Настя- Алтын күн нұр шашқан

Әлемге танылған

Тәуелсіз Қазақстан.

Айғаным- Тату тәтті тұрамыз,

Бірге ішеміз астыда

Бірге сайран құрамыз.

Асел- Туыс барда

Құрыштанда,

Берік біздің іргеміз.

Тәрбиеші:Балалар «Отан оттан да ыстық», отанды қорғайтын сендерсіңдер, осы кең байтақ, байлығы мол отанымызда бақытты болыңдар.

Ән: «Біз бақытты баламыз»(хор).

Ертегі: Құыршақ театры.

Шаттық шеңбер: Балалар шаттық шеңбер құрайық. «Сау болыңыз» деп сабағымызды аяқтаймыз.

Автор:
Айгерім УЛТАНБЕКОВА «Немерелер» балабақшасы «Бөбек» тобының тәрбиешісі Талдықорған қаласы