Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АСПАПТЫҚ МУЗЫКАСЫ


26 января 2013, 00:51 | 2 583 просмотра


Мақсаты:

1. Оқушыларға қазақтың халық музыкасының қалыптасуын, халықтың ой –арманының музыкада бейнелеуі мен оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру .

2. Халық әндері мен күйлері арқылы өз халқының салт-дәстүрлеріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

3. Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық әсер ала білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Нақыл сөзі: Өнегелі өнер –ұрпаққа мұра

Әдіс –тәсіл: көрнекі баяндау, сұрақ –жауап, ой –бөлісу, талдау

Жұмыс түрлері: оқулықпен жұмыс, суретпен жұмыс, шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі: музыкалық аспаптар т.б.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау

1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Мұғалім сұрағы

Аспаптар ойналуына, тартылуына орай қалай жіктеледі?

Жауап:

1. Ішекті, шертіп ойналатын аспаптар

2. Ысқышпен орындалатын аспап

3. Ұрып ойналатын ұрмалы, соқпалы аспаптар

4. Сілкіп ойналатын аспаптар

5. Үрлеп ойналатын аспаптар

6. Сым тілшелі аспап

Мұғалім сұрағы:

Енді жіктелуіне байланысты аспаптарды толық айтып шығалық.

Оқушылар жауабы:

1. Ішекті, шертіпойналатынаспаптардыата:

(домбыра, шертер, жетіген)

2. Ысқышпен орындалатын аспап:

(қобыз, қылқобыз, нарқобыз)

3. Ұрып ойналатын соқпалы, ұрмалы аспаптар:

(дабыл, даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, кепшік, дудыға)

ІІІ. Жаңа сабақ. Қазақтың халық музыкасы

Жоспар:

1. Халық музыкасы –халық өмірі

2. Халық музыкасын тудырушылар

а) Аңыз күй «Асқақ құлан» Кетбұға

ә) Тарихи ән –күйлер. Х/ә «Елім -ай», Құрманғазы «Кішкентай»

б) Тұрмыс –салт –әндері мен күйлері

в) Шығармашылық жұмыс

3) Қорытынды

І. Халық музыкасы –халық өмірі.

Мұғалім сөзі: Расында да, халық музыкасы халқымыздың сан ғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап төл музыкасы бірге дамыды.Ән –күй арқылы әдет –ғұрып, салт –дәстүр ұрпақтан –ұрпаққа жетті. Көшпелі халқымыз ән –күйді, рухани мәдениетке азық ете білді. Халықтың қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады. Әр халық композиторы –белгілі бір дәуір, ғасырдың перзенті. Демек, олар өз уақытында қалың көпшілік қауымға белгілі болған тарихи тұлғалар, өзі өмір сүрген кезеңнің жыршысы.

ІІ. Халық музыкасын тудырушылар –өз елінің жанашыр жаршылары. Халықтың музыкалық мұрасы әншілік және аспаптық деп екі бағытта жіктелді.

Музыка әлем мәдениеті тарихында, әр түрлі тарихи кезеңдерде әрқандай міндеттерді атқарғаны белгілі.

Аңыз күйлер тақырып жағынан сан салалы болып келеді. Көптеген күйлер жаугершілік заман хикаяларын, тұрмыс –салт көріністерін, хайуанаттар өмірін, кең қоныс, жер –су жайын баяндайды. Кейбірде адамның өмірі мен өлімі жайлы да философиялық ой толғанысы да негізделеді. Мысалы: «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихы туралы аңызды еске мына суреттеме арқылы еске түсірсек:

(оқушылар «Ақсақ құлан» туралы аңызды суреттемеге қарап әңгімелеп береді)

Мультфильм «Ақсақ құлан» соңғы ханға естірту бөлімі көрсетіледі.

ІІІ. Қазақтың тарихи ән –күйлері Қазақтың тарихи ән – күйлері қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғаларға байланысты туған. Мысалы: 1723 жылы басталып, ұзаққа созылған Жоңғар шапқыншылығының «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ауыр кезеңінде шыққан халық әні «Елім -ай» еді. «Елім -ай» әнінде сол бір аласапыран заманда әке баласынан, бала анасынан, аға –қарындасынан, іні –ағасынан дегендей бір –бірінен айырылған ащы зары, елінен, туған жерінен айырылған туған жандардың сағыныш мұңы суреттеледі.

4. Ән кімдікі?

Енді тарихи күйге тоқталамыз.

Соның ішінде Құрманғазының көптеген күйлері бар. Соның бірі Құрманғазының «Кішкентай» күйі қалай шыққан еді. Расында Құрманғазының «Кішкентай» күйі, Батыс Қазақстан өңірінде, Жәңгір ханның билік етуі тұсында Ресей патшалығының әділетсіз үстемдігіне қарсы 1836-1838 жылдар аралығында Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісі оқиғаларына арналғандығы. Құрманғазының «Кішкентай» күйін тыңдау.

IV. Тұрмыс –салт –дәстүрге байланысты әндері мен күйлері.

V. Шығармашылық жұмыс.

Өнер туралы мақал –мәтелдерден жарыс өткізіледі.

VІ. Бекіту сұрақтары.

1. Салт –дәстүрге байланысты қандай әндер білеміз?

2. «Елім -ай» әні мен «Кішкентай» күйі қандай ән мен күйге жатады?

VІІ. Бағалау.

К.Қуатбаевтың «Ән сабағы» әнімен сабақты аяқтау.

VІІІ. Үйге тапсырма. «Елім –ай» әні мен «Кішкентай» күйінің шығу тарихы. Әнді жаттау, күйді тыңдап, талдау.

Автор:
Гульнара ЕНДЕУБАЕВА Ақбастау орта мектебі музыка пәнінің мүғалімі Кербұлақ ауданы