Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ҚАН – ОРГАНИЗМ АЙНАСЫ» «ХХI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» САЙЫСЫ


26 января 2013, 00:52 | 2 046 просмотров


Мақсаты:

1. Қанайналым жүйесiн қорытындылап, оқушылардың бiлiмiн бақылау.

2. Бiлiмге құштарлығын, логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiсi: Жарыс

Көрнекiлiк: Кестелер, жүрек муляжы

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi:

Оқушыда өзiндiк iс-әрекет, дағды қалыптастыруда шығармашылықпен

жұмыс iстеу барысында қанайналым жүйесiн қайталау мақсатында сайыс

ұйымдастырылды.

Елбасымыз «Болашақ- білімді ұрпақ қолында» деген. «Бiлiмсiздiң күнi қарiп, бiлiмдiнiң түнi жарық» демекшi,

«Көшбасшы» деген сын сабақ.

Жұмбақты шешiп, ойна күл.

Бiлiмдiден мол талап

Күтiледi оны бiл»- деп ортаға сайыскер оқушыларды шақырамыз.

Сайысты бағалайтын әдiлқазылар алқасымен таныстырайық.

1. Жаны жайсаң жүрегi толған нұрға

Шәкiрт үшiн биiк тұлға, зор тұлға

Асқақтатқан абыройын мектептiң

Ризамыз .................... тәтейге

2. Мектептiң ыстығына күйетiн,

Шәкiрттерi қадiрлейтiн сүйетiн

............. тәтей сынды ұстазым

Жүрекке жыр, көңiлге сыр түйетiн

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1. Адамның өмiр бойы, тынымсыз жұмыс iстейтiн мүшесi (жүрек)

2. Қызыл қан түйiршiгi (эритроцит)

3. Жүректiң салмағы (300 гр)

4. Қан қысымының жоғарлауы (гипертония)

5. Жүрек 1 минутта қанша рет соғады (70-75)

6. Қан беретiн адам (донор)

7. Қанның ақ түйiршiгi (лейкоцит)

8. Жүректiң бұлшық еттен тұратын қабаты (миокард)

9. Қан ұйымайтын ауру (гемофилия)

10. Плазма құрамында қанша пайыз су бар? (90-92%)

11. Қан дененi қанша уақытта бiр айналып шығады (23 сек)

II-тур Ұлылардың ұрпағымыз кешегi

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселi

Тiл өнерi сайысына қатысып

Жұмбақтарды үш тiлде кiм шешедi?

Бiр тiлдi бiлген адамның 2 жаны,

Үш тiлдi бiлген адамның 3 жаны бар.

Ана тiлiң арың бұл- демекшi, полиглот - тiл өнер сайысына көшемiз.

Жауабы қағазға жазып қайтарылады.

3 тiлде жазылса 30 ұпай, 2 тілде жазылса 20 ұпай алады.

1. Соғады күн-түнi алмай тыным

Құлайды ол тоқтаса таудай тiлi. (жүрек, сердце, хайт)

2. Тарам-тарам бiр ғалам

Айқұш-ұйқыш шырғалаң

Толған ағыс тоқтаса

Жоғалады бiрге адам (қан , кровь, блад)

3. Денсаулық үшiн ең қажеттi өмiр өзегi .(ауа, воздух эа)

4. Ақшаға сатып ала алмайтын байлық. (денсаулық, здоровье, хелс)

5. Жанды мотор сынбайды

Күнi – түнi тынбайды

Кейде оның жүрiсiн

Дәрiгерлер тыңдайды . (жүрек, сердце, хайт)

Әдiлқазылар бағасын тыңдаймыз. Аз ұпай жинаған оқушымен қоштасамыз.

III-тур Ал, шәкiрттер, алды, артын оңдасын

Шешiлмеген сұрақтарың қалмасын

«Ғажайып биология» бөлiмiнде

Таблодан сұрақтарды таңдасын.

Шарты: Кестедегi 9 ұяшыққа 20, 30, 40 сандары жазылған. Әрбiр ұяшықтың шамасына қарай сұрақтар қойылады. Ұпай саны ұяшықта көрсетiлген санмен берiледi.

1. 20 оң. Қанның сұйық бөлiгi не деп аталады (плазма)

2. 20 сол. Қанды қабылдайтын адам (рецепиент)

3. 20 орта. Эритроцит жасушаның құрамына кiретiн күрделi органикалық қоспа (гемоглобин)

4. 30 оң. Қанның оң жақ қарыншадан шығып, сол жақ құлақшаға келу жолы (кiшi қан айналым шеңберi)

5. 30 сол. Жүректен шыққан оттегiмен қаныққан қанды денеге таратушы тамыр (қызылтамыр)

6. 30 орта. Қан қысымы арнаулы құрал арқылы өлшенедi, қалай аталады. (сфигмотонометр)

7. 40 оң. Қан тамыры мен терi жарақаттанған соң, аздан кейiн қан неге ақпай қалады. (фибрин талшықтары түзiледi)

8. 40 сол. Лейкоцит жасушаларының әр түрлi микроорганизмдерді өзiне сiңiру, қорыту қалай аталады (фагацитоз)

9. 40 орта. Қанның сол жақ қарыншадан шығып оң жақ құлақшаға келу жолы (үлкен қанайналым шеңберi)

Әдiлқазылардың қорытындысын күтемiз. Аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.

IV-тур. Жақсы сөзге жүрегi жай табатын

Өз ойын дәлелдеп нақ айта алатын

«Егер мен» деп...

Шәкiрттер шықсын алға

2 оқушы сұрақ таңдайды. А және Б.

А. Адамнан қан кеткен кезде, қандай қан екенiн қалай айырамыз?

Алғашқы қайырымдылық көмектi қалай жасайсың?

Б. ХХI ғасыр iндетi аталған СПИД ауруы мен қанайналым арасында қандай байланыс бар? СПИД туралы не бiлесiң?

Жауап 50 ұпаймен бағаланады.

V-тур. Басталады жорға деген сайысың

Бұл сайыста озып шығар қайсысың

Жылдамдығың, алғырлығың сыналар

Қане, шәкiрт, көрiнедi қай iсiң?

А. 1. Көмiрқышқыл газына қаныққан қан (көктамыр қаны)

2. Жүрек неше бөлiктен тұрады (4)

3. Жұқпалы ауруға қарсы тұратын қасиет (иммунитет)

4. Жүректiң өте жұқа сыртқы қабаты (эпикард)

5. Қан берушiден қанша қан алынады (200 гр)

6. Жүректiң бұлшық етi қандай? (көлденең жолақты)

7. Эритроцит санының азаюы қандай ауруға ұшыратады? (қаназдық)

Б. 1. Оттегiне қаныққан қан (қызылтамыр қаны)

2. Қанның неше тобы бар (4)

3. Қан құрамында аурумен көрсететiн дене (антидене)

4. Жүректiң iшкi қабаты (эндокард)

5. Адам шашынан 50 есе жiңiшке тамыр (қылтамыр)

Әдiлқазылардың қорытындысы тыңдалып, жауаптар бағаланып, жеңiмпаз анықталады.

Автор:
Ғалия ҚАСЕНТАЕВА, Бұлақты орта мектебі, биология пәнінің мұғалімі. Алакөл ауданы