Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Аямай асыл уақытын, ғылымнан тапқан бақытын...


28 января 2010, 23:49 | 2 551 просмотр



Сайлау Қожағұлов. Бұл есім қазір қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны, арқалар жүгі, міндеті мен мақсаты бар, қалыпты қолтаңбасы қалыптасқан тұлға ретінде құрметпен аталады. Ғылымға салған өзіндік сүрлеуі бар. Ал ұлық қызмет ұстаздықтың белесінде де Сайлау Қажыбекұлының жұлдызы ерекше жарқырап тұр. Ол шәкірттеріне адастырмас темірқазық іспетті.

Бірақ белгілі ғалым, ұстаз, парасатты азамат осынау биікке қалай көтерілді. Қандай-қандай тағдырдың талқысынан өтті...

Әкесі Қажыбек пен анасы Бану шопан болды. Шопан болғанда да өз еңбегінің зейнетін көрген, сол жолдан бақ пен бақыт тапқан жандар. Үлкен әулет. Олар жеті бала тәрбиелеп өсірді. Олар бір кіндіктен тарағанымен сегізі сегіз сырлы еді. Әкесі өзіне тым жақын жүретін осы ұлын тым жақсы көретін. Оған оның тым-тым кітапқұмарлығы ұнайтын болуы керек. Анасы Бану да өнерде қара жаяу емес-ті. Жиын-тойда қара өлең айтудан алдына жан салмайтын. Айтып қана қоймайтын оны сол сәтке арнап мың құбылтатын. Жанынан қосып айтатын. Әкесі томпақ ұлын тізесіне отырғызып алып, жыр-дастандарды оқытып, тыңдағанды ұнататын. Мейірлене маңдайынан иіскейтін. «менің балам үлкен ғалым болады, көр де тұр» деп үй ішін ықыласпен шолушы еді. Қой бағып жүргенімен ұзақ-ұзақ ойларды серік етіп Қажыбек ақсақал батамен ел көгеретінін біліп Шыңғыстаудың батагөй ақсақалы, әйгілі сазгер Шәкір Әбеновтен баласына бата сұрайды.

Ізін қуып ізгінің...

«Өмірге үлгі болар өнегемен,

Сусындап білім іздеп әлі келем.

Ұлылар ұлағатын ұғындырған,

Ғылымның сырын іздеп мәні терең.

Шәкіртіңнің бірімін шуақ терген,

Ұстазым алғысым мың еңбегіңе,

Өмірлік өр ісіме қуат берген»

Өмірлік күш-қуатын аянбастан таратып, шексіз білім теңізінде ізбасарларын ыждаһатты ынтамен ертіп келе жатқан ұстазымыз жайында жалаң ой айту аздық етеді. «Қазақтың өлмес мұрасы, асыл қазынасы» - Абай мұраларын болашақ әдебиетшілерге танытып, дәрістерінде дұғадай дарытатын осы бір ғалымның өн-бойында адамгершіліктің арналары айқын сезіліп тұрады.

Студенттік кез – жастық шақтық мерейтойы іспеттес. Есімнен әлі күнге дейін кетпейтін кездер – дәл осы «Абайтанушы ағайымыздың» дәрістері. Әдебиет теориясының тарихы мен кезеңдері, теориялық тұжырымдар мен өлең өрнектерін жан-жақты талқылап, таласа-тармаса талқыға түсетін сағаттарымыз жылдам өтетін.

Ардақты ағамыздың аянбай берген ақыл-кеңестері әлі күнге дейін қаламыма қанат бітіреді.

Елу деген ердің жасы. Елуді еңсерген ер-азаматтың еңбегі де елеулі.

Сайлау ағайымызға жалынды жігер, сарқылмас күш-қайрат, зор денсаулық, бақ пен шуаққа толы ғұмыр тілейміз. Шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз, арман-мұраттарыңыз азаймасын!

Бағдагүл ДӘУЛЕТ

Қайдан екенін ол шынында да кітапқұмар-тын. Қой бағып жүріп те кітап оқитын. Оқи беретін. Әсіресе, қыстың күні дала да ұзақ кітап оқығаннан көзі қарығып қалған кезі көп. Аппақ әлемнің ішінде жүргендей күй кешетін. Аппақ әлеммен аппақ армандары араласып кететін. Көмейіне өлең келетін. Сан алуан сырлы сезімдер оның жанына маза бермейтін.

Кейінде комсомол жастар бригадасында еңбек еткен кезінде басшылар оның қойын-қонышын тінтетін. Ондағысы қой бағуға шыққанда кітап оқып, малдан көз жазып қалмасын дегені. Кейін әскер қатарында жүрген кезінде баласының кітапқұмар екенін білетін анасы оған ылғи «Жұлдыз», «Жалын» журналдарын салып тұратын. Қаршадай балаға кітапқұмарлық қасиет Абай мен Мұхтар сынды алыптарды дүниеге әкелген туған жерінің тылсым қуаты арқылы дарыған болар, кім білсын.

Білімге, білуге деген ынтызарлық оны 1982 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне жетелеп алып келеді. Оқысам, оқи берсем дейтін ауылдың кітапқұмар баласының алдынан жаңа әлем есігін айқара ашады. Не керектің бәрі осында еді. Енді таңдап, талғап оқуға көшті. Білімді адам қай кезде де мәдени шаралардан сырт қалушы еді. Студенттер арасында өтетін түрлі пікір сайыстарда әр нәрсе байыппен бағдар жасай білетін өзіндік айтар ойы бар шәкірттің салмақты сөзі ұстаздарының назарын өзіне аударатын. Әсіресе, қазақтың бір туар ғалымы, ұлт мүддесін тайсалмай айтып, жазып қорғап жүргені үшін солақай саясаттың талай соққысын көрген, бірақ мойымаған қайсар тұлға, әдебиеттану, Абайтанушы Қайым Мұхаметхановтан дәріс алу, пікірлесу сәулесі жігіттің жан-дүниесіне өзгеріс енгізген еді. Дипломдық жұмысын да осы ғалым жетекшілігімен қорғады. Тақырыбы сол тұста кез-келген жан амалдап баратын жайт еді. Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін алысқан, алдаспан ақын Ақтамберді шығармашылығын талдап отырып, өзінің де жан-дүниесінің түпкірінде жатқан азаттық туралы ойын там-тұмдап жеткізеді. Дипломдық жұмыспен жете танысқан Қайым аға: «Мына бала дайын ғалым ғой» деп сүйсінеді. Қайымдай қазақтың қарағай тұлғасының ықыласына бөлену оның ғылымға деген ыстық ықыласының қайнарын ашып кеп жіберсе керек.

Алайда, алғыр студенттің ары қарай ғылыммен айналысуына түрлі тұрмыс жайт-тар себепші болады. Ақыры жолдамамен Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылындағы орта мектептен еңбек жолын бастайды. Қашаннан ізденгіш мұғалім бұл қызметте де тез абыройға ие болады. Мұғалімдер арасында өтетін байқауларда жүлделі орынға ие болды. 1990 жылы об-лыстық «Жыл мұғалімі» байқауында жүлделі орынға ие болады. Білімді мұғалімге І. Жансүгіров атындағы Жетсу мемлекеттік университеті жұмысқа келуге ұсыныс жасайды. Бұл Сайлау ағаның өміріне өзгеріс әкелген кезең еді. Содан бері де жиырма жылдай уақыт сырғып өтіпті. Осы жылдар аралығында тарих-филолгия факультеті деканының орынбасары, деканы міндетін атқарушы қызметін абыроймен атқарды. Бүгінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Алай да, ең басты табысы ұстазы Қайым Мұхаметхановтың сенімін ақтап ғалымдық биікке көтерілу еді. Филология ғылымының докторы, профессор белгілі фольклор танушы марқұм Болатжан Абылқасымовтың жетек-шілігімен 2000 жылы халқымыздың тау тұлағылы ұлдарының бірі, әнші, сазгер Әсет ақын мұрасы жайындағы кандидаттық диссерта-циясын сәтті қорғап шығады. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ғалым «Абайтану», «Жетісу әдебиеті» атты оқулық-хрестоматиясын жазды. Бұлар қазір өз алдына әдістемелік кешен болып үлгеріп, оқу үрдісіне сіңіп кетті. Зерттеу жұмыстары талай-талай бәйгелерде топ жарып жүр. Атап айтар болсақ, республикалық байқауда 1995 жылы «Жыраулар поэзиясындағы отарлық саясат көрінісі» атты зерттеу жұмысы 3 орынды, 2001 жылы «К. Тоқаев-шытырман оқиғалы проза шебері» тақырыбындағы жұмысы 3 орынды иеленеді. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы № 24 Мұхтар Арын атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің оқытушысы С. Бекішеваның «Қазақ прозасындағы Н. Алдабергенов бейнесі» тақырыбындағы жазған жұмысына жетекшілік етеді. Аталған жұмыс Кіші ғылым академиясында 2 орынды иеленеді.

Сайлау Қажыбекұлы отбасында аяулы жар, ардақты әке. «Адамның бір қызығы бала деген» демекші құдай қосқан қосағы Гүлмира Сағындықова екеуі төрт баланы тәрбилеп, қанаттандыры. Барлығы да өнер десе ішкен астарын жерге қояды. Үлкен қыздары Меруерт әке жолын қуып Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің филология факультетін бітіреді. Ол жастайынан әдеби шараларға көп қатысатын, 2001 жылы облыстық «Мұқағали оқуларының» жүлдегерлері. Ақбота мен Назым да облыстық «Абай оқуларының» жүлдерлері. Кішкентай Айзере болса ол да әзірден өлеңқұмар, тақпақ айтқыш.

Дорогой Сайлау Кажыбекович!

Ваши коллеги с кафедры русского языка и литературы от всего сердца поздравляют Вас с юбилеем!

Юбилей – это круглая дата,

Юбилей – крыльев размах,

Отмечают его все когда-то,

Это крепко засело в умах.

Поздравляем мы Вас с юбилеем!

Что такое для нас 50?

Это возраст, когда мы мудреем,

Но вернуться нас тянет назад.

Там осталась далекая юность,

Наши планы и наши мечты...

Может быть, Вам сегодня взгрустнулось?

Не грустите, вся жизнь впереди.

Впереди – озаренья, открытья,

Впереди – вдохновенья полет!

Юбилей – золотое событье!

Пусть он радость лишь Вам принесет!

Профессор Бисенкулов М.К.

Кісілігі мен кішілігі, ұстаздығы мен ғалымдығы, парасаты мен пайымы қатар өріліп, ұштасып жататын азаматтың, өмірі өнегеге толы ардақты әке, аяулы жар, жастар үлгі тұтар ағаның тұғырлы тұлғасының асқақтай түсетін кезі алда.

Автор:
Ерғазы МАНАПҰЛЫ