Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖОЛДАУҒА-ҚОЛДАУ


26 января 2013, 00:54 | 1 568 просмотров


2013 жылдың қаңтар айында мектепке дейінгі шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебінің ұжым мүшелерінің отырысы болып өтті. Отырыста ұжым мүшелері Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАН – 2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауын қызу талқылап, қуана қолдады. «Осынау аса маңызды саяси құжат ел өркендеуіне өзгеше серпін берді. Ерекше назар қойып, мұқият тыңдап, жақсылықтық жаршысы ретінде қабылдадық.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаңа Жолдауында өткен жылдардағы Жолдаулардан ерекше ойларды ортаға салып, еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын белгілеп берді.

Президентіміз бүгін еліміздің 2050 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі түйіндерін атап өтті. Елбасы өзге мәселелермен қатар, мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамыту жөнінде де тоқталды. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген өзінің ұстанымын тағы да алдымызға қойды. Сондықтан да, біз Мемлекет басшысының осы айтқандарын жадымызда ұстауымыз керек.

"Мемлекеттік тілге байланысты Елбасының егер қазақстандықтардың барлығы қазақша сөйлегенде, біз Қазақ мемлекеті боламыз деп жариялаймыз" - деп атап өткені, шынында да көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл бізге қойылып отырған үлкен рухани міндет. Енді біздер осыны ойдағыдай жүзеге асыруымыз керек.

Мектеп директоры Диана Тетенқызы Онбырбаева өз сөзінде «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» бағытына тоқталып, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Оның жүзеге асырылуы барлығымызға қатысты. Сол себепті де одан ешкім тыс қалмауы керек.Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы, барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет екендігін, барынша тер төгіп, талмай еңбек етуімізді, оқушылардың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыруды, сапалы білім, саналы тәрбие беруімізге, бар ынта-жігер салуымызды баса айта кетті. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды екендігін айта кетті. Жолдау ұжым арасында қызу талқыланып, әркім өз ойларын айтты.

- «Әр жылғы Жолдаудың өз жаңалығы бар. Дегенмен, биылғы Жолдаудың тәуелсіздіктің дамуына негізгі ұстамын айқындап отыр. Білім, ғылым сапасын дамытуда біздің басты мақсатымыз- осы жылы білім беру сапасын арттырып, жолдауда айтылғын істерді іске асыру. Сондай-ақ ең бастысы, өзінің ерекше талантымен елімізді әлеуметтік деңгейге көтерген Көшбасшымыз бар екенін есімізден шығармауымыз керек»- деді тәлімгер ұстаздар қауымы. Жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету –маңызды мәселе. Жолдау қазір жер-жерде қызу талқыланып жатыр. Біз елбасының «ҚАЗАҚСТАН – 2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты еліміздің түкпір-түпкіріндегі халықпен бірге құптап, қолдаймыз. Біз Жолдауда айтылған: «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс» деген мақсатты қолдаймыз. Соған үлес қосуға тырысамыз.

Елбасы осы жолғы Жолдауын әркімнің жүрегіне жеткізе айтты. Осы айтылған міндеттерді жұртшылық жүрегімен қабылдады. Мемлекет басшысы атап өткен маңызды міндеттердің шешілуі үшін жұдырықтай жұмылып, ұйымшылдық көрсетейік. «Бірлік бар жерде – тірлік бар»- дейді халқымыз. Ендеше барлығымыз бір болайық.

Автор:
Алтынай ЕСЖАНОВА Бесқайнар орта мектебі Көксу ауданы