26 января 2013, 00:55 | 3 366 просмотров
Мақсаты: 1. Оқушыларға әскери топография жөнінде білім беріп, жергілікті жерді бағдарлану біліктерін қалыптастыруға бағыттау.
2. Тірек сызбамен жұмыста шығармашылығын дамыту.
3. Географиядан алған білімдерін әскери тәрбиемен ұштастыра отырып логикалық ойлауын тәрбиелеу.
Типі: электрондық
Түрі: қалыптан тыс
Формасы: ізденіс
Көрнекіліктер: Жергілікті жердің картасы, топографиялық карта сызбасы, дидактикалық үлестірмелі кестелер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сынып оқушыларын түгендеу, рейтинг журналын толтыру
ә) Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру, қадағалау
2. Жаңа сабақ
а) Мақсатын хабарлау
ә) Оқушылардың өздерін қатыстыра отырып баяндау, тірек сызбамен жұмыс арқылы нәтижеге бағыттау
Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.
Көкжиек түстарын анықтау тәсілдері:
а) Күн бойынша сағат көмегімен
ә) Көкжиек тұсы түнгі мезгілде Темір қазық жұлдызы
Өзіндік жұмыс \Топографиялық электрон\
Белгілері бойыша мынадай топтарға бірігеді: Бедер, елді мекен, өндірістік кәсіпорындар, жол торабы, топырақ өсімдік жамылғы, гидрография
3.Меңгерту үшін
Жалпылай тапсырма тест сұрақтары № 1нұсқа
4. Білімін тексеру
Тесті кілті бойынша тексереді, тапсырманы орындай алмағандармен жеке жұмыс үлестірмелі кескелер
5. Бекіту
Тест сұрақтары № 2 нұсқа, білімдері мен біліктерін нақты дәйектемелермен талдау – сараптама арқылы бағалау
6. Үйге тапсырма