Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕТІСТІКТЕН ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ


26 января 2013, 00:57 | 1 516 просмотров


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың етістік тарауы бойынша алған білімдерін саралай отырып тексеру,етістіктердің түрін ажырата білуге үйрету.

2.Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,өз беттерімен жұмыс жасауға,өз ойларын еркін әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды адамгершілікке,еңбек сүйгіштікке,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Оқу мен жазу бойынша сын тұрғысынан ойлау

Қолданылған стратегиялар:Ой қозғау,топтастыру,өз беттерімен жұмыс.5 жолды өлең.

Қажетті құрал жабдықтар:Сызбалар,суреттер,сабаққа қажет метериалдар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.(Оқушыларды сабаққа әзірлеу)

а.Қызығушылықты ояту.(берілген суреттерге қарап әңгіме құрастыру)

221-жаттығу.Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсету.

Аялда,жасар,ашыл,шуылда,кеткен,білдір,алдыр т.б.

223-жаттығу.Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар.

Асық,шула,ти,ұмыт,сұра,төк,аш.

Үлгі:асықпа,шулама,ұмытпа.

Берілген болымды етістіктің кез-келгенін алып сөйлем құрау.

Фонетикалық талдау.

(бала,дастан,түбі)

Д- ,ұяң

А- ,ашық,жуан,езулік

С- ,қатаң

Сергіту сәті(.Мен саған,сен маған)жылы сөздер айту.

Қосымша жұмыс

Өздеріңе ұнаған бір мақал алып,кестені толықтыру.

4.Ой толғаныс

Ойын ойнату

1. «Қатып қал,аралас,корытындыға кел.»(сұрақ қою,оны топ болып талқылау)

1.Фонетика нені зерттейді?

2.Етістік деген не?

3,Есімдіктің түрлері?

4.Логикалық тапсырма

Мысықта бар,Г-ден баста,мен кілең

Күшікте жоқ Ажарымын өмірдің

Қасықта бар К-ден баста,енді мен

Есікте жоқ. Қалдығамның көмірдің

5.Сөйлем мүшелерін ата

2. «Сақина салу» ойыны

Сынып оқушыларын екі-екіден отырғызып,барлығының қолына сақина салғандай боламын,бірақ сақинаны бір оқушыға салып,ортаға келіп «Кел сақинам кел»деп шақырамын,жанында отырған оқушы ұстап алу керек,егер ұстай алмаса менің сұрақтарыма жауап береді,ойын осылай жалғасады.

Шағын эссе жазу. «Қазақ»деген тақырыпта.Етістіктің түрлерін қолдану.

Сабақты қорыту:Б.Б.Ү.сұрақ-жауап

Үйге тапсырма:Синтаксистік талдау(2 сөйлем)

Бағалау:Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Автор:
Г.Т. МҰҚАШЕВА Біләл Назым атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Панфилов ауданы