Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ


26 января 2013, 00:57 | 2 079 просмотров


«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білімді өз бетімен ала алатын және оны өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғы шарты: мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады.Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Барлық жаңа технологиялардың жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Бүгінгі педагогикалық технологияны, педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, педагогтің жалғастыру жүйесіндегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық үрдістің тәжірибеде тұрақты және жалғастыруды шығаруы ретінде түсіндіріледі.

Сабақта оқушылардың білімдерін бақылау.

Оқушылардың білімін бақылауда «Кім жылдам ойынын» қолдануға болады. Оқушыларға белгілі бір уақыт аралығында өтілген тақырып бойынша қолданылатын терминдерді көбірек атау талап етіледі.Мұнда оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімдерін бақылауға мүмкіндік туады.

Оқушылардың білімін бақылаудың бір түрі сөз жұмбақ жасау. Сөз жұмбақ жасауды- оқушыларға үйге беруге болады, ал сыныпта ең жақсы сөз жұмбаққа жарыс жүргізіледі. Сөз жұмбақ жасауда оқушылар арнайы әдебиеттермен жұмыс істейдіү Жаңа терминдерді үйренеді.Оқушылар мұнда тек анықтаманы ғана емес анықтаманың сипаттамасын білу керек.

Экскурсия сабағы бойынша оқушының танымын кеңейтіп теориялық білімімен оның практикада қолданылуының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін пән аралық байланысты жүзеге асырады. Экскурсияда оқушылар алдын ала тапсырма алып бақылау жүргізіп материалдар жинақтап ауызша рефераттар, слайдтар, колекция альбом түрінде жасап экскурсия жайлы есепті уақытында тапсыру керек.

Тестік бақылау оқушының білімін неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік беретін арнайы жасалған ғылыми ұтымды процедура.

Тесттің 4 түрін қолдануға болады.

1. 5 жауабы бар жабық тапсырмалар. Мысалы z мәнін 3 ке азайту үшін жасау керек.

2) Ашық тапсырмалар яғни оқушылар тапсырмада жоқ сөздерді қойылған сызықтың орнына сан немесе формуламен толтырады. Мысалы Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі бит

3) Сәйкестікті анықтау тесттері яғни бір жиынның элементтерін екінші жиынның элементтерімен салыстыру. Мысалы.

1. IF- THEN-ELSE А) қайталау операторы

2. CASE-OF В) тармақталу операторы

3. FOR I=1 TO N DO С) таңдау операторы

4) Дұрыс тізбек құруға арналған тапсырмалар яғни оқушыдан амалдар немесе процестердің орындалу тәртібін көрсету талап етіледі. Мысалы.

Презентациялар арқылы оқушыларға ойын тәсілдерін көрсету.

Сөз жұмбақтар

Автор:
М.Т. ТАИРОВА №9 кәсіптік лицей информатика пәнінің оқытушысы Шонжы селосы, Ұйғыр ауданы