Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ГИГИЕНАСЫ


26 января 2013, 00:58 | 3 668 просмотров


Сабақ мақсаты:

1.Білімділігі: Көздің құрылысын,көз қызметінің бұзылуы және гигиенасын қайталау.Оқушыларға есту мүшесінің құрылысын таныстыру,есту мүшесінің гигиенасы туралы түсінік беру.

2.Дамытушылығы: Оқытудың жаңа элементтерін пайдаланып,оқушы белсенділігін арттыру.Оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу,оқу материалының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім-біліктілігін дамыту.

3.Тәрбиелігі: Болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың көрнектілігі:

Құлақтың,көздің суреттері, үлестірмелі карточкалар, ұялы телефондар, түрлі-түсті фишкалар

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Ойын

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, денгейлік тапсырмалар /тест/,тренинг,практикалық жұмыс.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме,қымбатты оқушылар!Бүгін біз сабақты «Банк» ойыны ретінде жүргіземіз.Банктен несие алу туралы естіген шығарсыздар?

Біз бүгін «Білім» банкіне барып өз білімімізді тексеру арқылы несие аламыз.Ал несие қандай мөлшерде боатынын сіздердің білімдеріңізге байланысты болмақ.Банк 5,4,3,2 санды несие береді.Мен,яғни мұғалім,банкир боламын,ал сіздер,клиент боласыздар. Әр жауаптарыңыз түрлі-түсті фишкалармен бағаланады.Қызыл түсті-5,көк түсті-4,жасыл түсті-3.

3.Аялдама «Аквариум» /тренинг/

Бұл тапсырмада ситуациялық жағдайларды талдау қажет.Біз аквариумның сыртынын бақылаймыз ғой, сол сияқты осы жағдайларды бақылап, талдауымыз қажет.

а/Ақмарал ұзақ жолға жол қысқарту үшін қызықты кітап алды.Біраз жүргеннен кейін көзі ауырды.Ақмарал неге екенін білмеді.Ақмаралдың көз ауруы неге байланысты екенін сен білесің бе?

б/Екі оқушы ойнап жүрді, біреуі басын қатты соғып алды.Бірінеше күннен кейін басын соққан оқушы нашар көретін болды.Басын соққан мен көздің нашар көруі бір бірімен байланысты ма? Түсіндір

в/Әсет тауға шыққанды жақсы көреді.Бүгін қара түсті көзілдірігін ұмытып кетіпті.Аппақ қарға біраз қарағаннан кейін көзі көрмей қалды.Неге?

Жаңа сабақ:

Әр банкте өзінің ережелері бар. Мен сол ережелермен сіздерді таныстырайын.

а/Құлақтың құрылысы.

Есту мүшесі үш бөліктен тұрады: сыртқы ; ортаңғы және ішкі құлақ.Сыртқы құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан құрыған.Құлақ қалқаны екі жағы терімен қапталған шеміршек болып келеді.Оның негізгі қызметі- ауадағы дыбысты қабылдап, дыбыс өткізу жолына бағыттау.

/Есту мүшесінің қызметі.

Ауадағы дыбыс толқындары құлақ қалқанымен ұсталып,сыртқы дыбыс жолымен өтіп,дабыл жарғағын тербеліске келтіреді.Одан дабыл жарғағында пайда болған тербелісті ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектері /балғашық,үзенгі,төс/күшейтіп,оны сопақ тесіктің жарғақшасына жеткізеді.Сопақ тесік жарғағының тербелуі иірім түтіктің сағасына жетеді.Мұнда пайда болған тербелу ішкі құлақтағы перелимфа мен эндолимфаны қозғалысқа келтіреді.Осыдан Кортиев мүшесінің жарғақшасы қозғалысқа түседі,оның үстіндегі есту түкті клеткалары-рецепторлар қозғалады да, оларда қозу туғызады.Бұл қозу үлкен ми сыңарлары қыртысындағы есту аймағына өткізгіш жүйке арқылы жеткенде дыбысты сеземіз.

Құлақты жылы сумен жуып отыру керек.Сіріңке,қарандашпен тазалауға болмайды.Аса күшті дыбыс және шу жүйке жүйесін қажытады, қызметі бұзылады.

1.Практикалық жұмыс

Қазіргі кезде оқушылар ұялы телефонмен құлаққа салғыш арқылы музыканы көп тыңдайды.Сол жағдай есту мүшесінің жұмысына қандай әсер тигізетінін көрейік.сыныптың 10 оқушысы ұялы телефонның құлаққа салғыш арқылы музыка тыңдайды 2 минуттай.Ал қалған оқушылар мұғалімнің жай дауыспен оқыған өлеңін тыңдайды.2 минуттан кейін құлаққа салғышты алып тастап,мұғалімнің өлеңінін жалғасын тыңдайды.Сол кезде оқушылар құлаққа салғышты алып тастағаннан кейін мұғалімнің дауысын дұрыс естімейтінін байқайды.Яғни ұялы телефонның құлаққа салғышын ұзақ уақытқа қалдыруға болиайтынын оқушылар енді білетін болады.

2.»Касса»

Мұғалім:Бүгінгі сабағымыз аяғына келіп қалды.»Білім» банкіне аялдамалардан өтіп жеттік, ережелерімен таныстық, енді несиеміз алуға болады.Ал несиелер кассада беріледі .Алдымызда 3 касса тұр, оны ашу керек.Кассаның алдындағы сұрақтарға дұрыс жауап берсек касса ашылып, несие аламыз.

Қорытынды:

Қымбатты оқушылар, кассамызды аштық.Бүгінге берілген тапсырмаларды толық орындадық.Енді фишканы санап, несиенің мөлшерін байқайық.

Әр оқушы фишкасын санайды.Оның санына қарап оқушыларға баға қойылады.

Үйге тапсырма

Автор:
Раушан НУСУПОВА Қызылқайың орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесінің Биология және химия пәнінің мұғалімі Алакөл ауданы