Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ - ОРЫС МЕКТЕБІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗІ


26 января 2013, 00:58 | 2 681 просмотр


Қазақ әдебиеті пәні бойынша орыс сыныптарында нені оқыту керек екені оқулықтарда, бағдарламаларда айқын берілген. Ал сол берілген білім мазмұнының негізін оқыту және оны қалай оқыту керек - бұны оқытушының анықтауы тиіс. Яғни оқу материалдарын сұрыптау, оларды сыныптағы оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай бейімдеу және меңгерту технологиясын таңдау - оқытушыға жүктелетін іс.

Бұл жерде іс жүзінде оқытушы да, оқушылар да тап болатын үлкен қиындық бар. Ол оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу деңгейінен туындайды. Қазақ тілі пәнін оқу барысында оқушылар тұрмыстық ортада және қарапайым әлеуметтік-мәдени сипаттағы мәтіндер деңгейінде сөйлеуге үйренеді. Ал тап сол сыныптағы қазақ әдебиеті пәні бойынша оқушылар әдебиеттік стиль деңгейінде жұмыс істеуі керек болады. Оқушылардың басым көпшілігінің бұл айтылған әдебиеттік деңгейде оқуға дайындығы жетіспейді. Оқудың астрономиялық бір кезеңінде оқушыға екі түрлі деңгейдегі талаптың қойылуы - үлкен дидактикалық қайшылық. Қазақ тілі сабағында қарым-қатынастық сөйлеуте бағытталынған оқушы осы кезеңде әдебиет сабағында енді одан жоғарғы әдеби нормада оқуға міндетті.

Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету техникасы мұғалім таңдаған технологияда жетекші орын алатын болады. Осы орайдан көптеген технологиялардың элементтерін оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай лайықталып қолданумен бірге деңгейлік оқыту технологиясына (В.Л.Беспалько, М.Жанпейісова т.б.) баса мән беріледі. Өйткені ол әр баланың жеке мүмкіндігіне негізделеді, оқытудың жеке тұлғаны дамытуға бағытталуына аса қолайлы. Ол халықаралық білім стандарттарының шарттарымен де үндес. Айталық, К.Роджерс, А.Маслоу (американдық гуманистік психология қауымдастығы өкілдері) жасаған әдістеменің төмендегідей бағыттары деңгейлеп оқытуды алдыңғы орынға қоятын қазіргі педагогикалық жаңа технологияларда көрініс тапқан. Олар:

1. Оқушылардың дайындық деңгейін бақылай алу;

2. Оқу материалын сұрыптап ұсына алу;

Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті пәнінде деңгейлік жұмыстар жүйесін дұрыс орындай білгенде ғана түпкі нәтижеге яғни коммуникативтік біліктілікке жетуге болады. Сыныптағы оқушыларды коммуникативтік іс-әрекетке жұмылдыру үшін В.П.Беспалько ұсынған оқытудың төрт деңгейлік жүйесінің идеяларын негізге ала отырып, сондай-ақ М.Жанпейісова технологиясын қолдана отырып, 1-деңгейді қарапайым (стандарттан төмен), 2-деңгейді орта (стандарттық), 3-деңгейді жоғары (стандарттан) деп алуға болады (А.Жақанбаева т.б.).

Қазақ әдебиетін оқытуды орыс тілді оқушылардың өзара сөйлесуі арқылы үйымдастыру оларды коммуникативтік диалогтық қарым-қатынасқа молырақ түсіруді көздейді. Мұнда жеке тұлғаның және сыныптық ұжымның қарым-қатынастық мүкіндіктерін арттыру - негізгі оқыту жолы. Оның басты ұстанымы - тұлғалық қарым-қатынас. Яғни оқушы мен мұғалім субъект-субъект деңгейінде ғана қарым-қатынасқа түсінуін тұлғалық қарым-қатынас деуге болады. «Тұлғалық қарым-қатынастың үйретуші қарым-қатынастан (субъект-объект) басты айырмашылығы - онда тіл үйренушінің өміріне тікелей қатысты маңызды ақпараттармен алмасу жүргізіледі» (Г.А.Китайгородская). Бұл ұстанымның басты шарты - оқушылардың өзіндік ерекшеліктерімен санасып, оларды үнемі ескеріп отыру. Сол себепті әр жеке тұлғаның ерекшеліктеріне лайықтап, қатысымдық-диалогтық негізде жүргізілген сабақ нәтижелі болмақ. Оқушының жеке өз мүмкіндіктерінде жұмыс істеуі олардың қызығушылықтарын арттырып, жаңа қажеттіліктерін тудырады. Соған сәйкес диалогтық-қатысым әрекеті де қолайлы жағдайда қызықты өтеді.

Қорыта айтқанда, орыс мектебіндегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі оқу мәтіні негізіңде қарым-қатынас құру жолымен сипатталады. Ол коммуникативтік технология болып табылады. Мұндағы мақсат: әдеби мәтіндердің көркемдік-танымдық құндылықтарын, оқушылардың өзара сөйлеу әрекеттерін жүзеге асыру жолымен меңгеру.

Автор:
Ж. А ТАУРБАЕВА Ш. Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы қазақ miлi мен әдебиет пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы