Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАЛАҚЫ БОЙЫНША 4 МЛРД. 779 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЫЗДЫҢ 3 МЛРД. 700 МЛН. ТЕҢГЕ БЕРЕШЕГІ ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН БЕРІЛДІ


26 января 2013, 00:58 | 1 879 просмотров


Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Серікқали Бисақаев мәлім етті.

Жалақы бойынша ең үлкен берешек сомалары Алматы қаласында (352,8 млн. теңге), Алматы (336,3 млн. теңге) және Оңтүстік Қазақстан (79,6 млн. теңге) облыстарының кәсіпорындарында тіркелген. Өңірлердегі дағдарысқа қарсы штабтардың деректері бойынша 2013 жылғы 1 қаңтарға Атырау және Павлодар облыстары кәсіпорындарында жалақы бойынша берешек жоқ.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы 2012 жылы 17246 мекемені тексерді. Тексеріс кезінде 724 мекеменің қызметкерлер алдындағы 4 млрд. 779 млн. теңге қарыздары анықталып, соның 3 млрд. 700 млн. теңге берешегі еңбек инспекциясының көмегімен 2012 жылдың ішінде берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге 917 нұсқама беріп, жалпы сомасы 71,6 млн. теңгені құрайтын 861 әкімшілік іс қозғалды», - деп атап көрсетті комитет басшысы.

Оның айтуынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақы берешегі бойынша мониторинг жүргізіп келеді. Министрліктің сайтында апта сайын еңбекақы бойынша қызметкерлердің алдында берешегі бар кәсіпорындар туралы мәліметтер жарияланады.

Жалақы бойынша ең үлкен берешек құрылыс саласында (573,5 млн. теңге немесе 51,1 %), халық тұтынатын тауар сататын мекемелерде (137 млн. теңге, 12,2 %), ауыл шаруашылығында (26 млн. теңге, 2,3 %), жекеменшік мекемелерде (13,3 млн. теңге, 1,2 %), күзет қызметін көрсететін ұйымдарда (26 млн. теңге, 2,3 %), көлік саласында (12,9 млн. теңге, 1,2 %) тіркелген.

Комитет анықтамасы бойынша, Қазақстанда тіркелген 307 мың кәсіпорында 5 млн. 200 мың азамат жалдамалы түрде қызмет жұмыс жасауда. Бұл адамдардың құқықтары қаншалықты қорғалып жатқандығы министрліктің жіті бақылауында тұр.

Автор:
Жасұлан ЖОЛДЫБАЕВ