Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!!!!


1 февраля 2013, 16:16 | 1 487 просмотров


Бала тәрбиесі отбасынан басталады десек те, ғылымға негізделген әдіс- тәсілмен берілетін тәлім- тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталады. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондай балабақшаның бірі Талдықорған қаласындағы «Оңтүстік- шығыс» №80 үйде орналасқан жекеменшік «немерелер» балабақшасы. Бұл мектептке дейінгі тәрбие орталығында ата-анамен қарым қатынас, тәрбие жұмыстары жүйеге қойылған. Тәрбие ошағында «Алтын күз», «Жаңа жыл», «Мен отанның азаматымын» атты мерекелік шараларға ата-аналар үнемі бірлесе өткізіп, қатысады. Аталмыш балабақшаның құрылтайшысы Сақыпжамал Қасымбекқызы мен меңгерушісі Сара Елемесқызы тәрбиешілірмен тығыз жұмыс жасайды. Бүлдіршіндердің тәрбиешісі Ултанбекова Әйгерім Тұрдашқызы өте ізденімпаз, жас маман. Сәбилердің күтушісі Рая Кульбекова балдырғандарды өз баласындай мәпелейді. Балабақшаның ұжымы ата-аналар көңілінен шығады. Бұл мектепке дейінгі тәрбие ошағында бүлдіршіндеріміз өздеріне қажетті тәрбиені ала біледі. «Немерелер» бала бақшасына алғысымыз шесіз. Ұжымға шығармашылық табыс тілеп, бала тәрбиесіне сіңіріп жатқан еңбектері жемісті болсын дегіміз келеді. «Бала болашағымыз дейтін болсақ», болашақ осы балабақшадан басталатыны сөзсіз. Ендеше, жас ұжымның қадамы мықты болсын!

Автор:
Ізгі тілекпен: Бүлдіршіндер ата-анасы.