Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ


1 февраля 2013, 16:18 | 3 039 просмотров


Білім беру саласы:Әлеуметтік орта, шығармашылық.

Бөлімдері: ҚОТ, сурет

Мақсаты:

Б.М: Балаларды адамның ішкі эмоциялық көңіл-күйін ажырата білуге үйрету;

Д.М: Танымдылығын, ойын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту;

Т.М: Адамгершілікке, адал достыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу;

Қостілділік құрауыш: письмо-хат, дом-үй, здраствуйте!-сәлеметсіздер ме!

Іс-әрекет кезеңдері: Мотивациялық кезең

Балалар бірге айтып залға кіреді.

Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан!

Мықты болсын іргеміз!

Бәріміз де біргеміз!

Балалар, қараңдаршы, көп қонақтар келіпті, бәріміз сәлемдесейік.

Орысша сәлемдесейік.

Балалар біз қайдамыз?

Бұл музыка залына біз қай уақыттарда келеміз?

Дұрыс айтасыңдар, бұл зал ерекше зал. Сендер бұл залға келгенде қандай күйде боласыңдар ?

Мен сендердің мерекелерді қарсы алғанда қуанған фото суреттеріңнен альбом жасадым. Оны қуанышты көңіл-күй альбомы деп атадым.

Қанеки, балалар, осы альбомды тамашалайық

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

(Экраннан ертеңгіліктегі

фотолар көрсетемін)

Экранға қарайық, альбомдағы суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

Неге қуанып тұр деп ойлайсыңдар?

Олай болса, «Мен қуанамын» ойынын ойнайық.

Мен қолымдағы қарды кімге лақтырсам, сол бала қағып алып, Мен ... деп, қай кезде қуанатынын айтып, қарды қайта маған лақтырады.

Мен сендерге бір жағдаят айтайын. Біздің топтағы достарың Алмас ауырып, бала-бақшаға келе алмапты. Анасы дәріханаға дәрі әкелуге кеткен екен. Алмасқа үйде жалғыз қалған көңілсіз екен.

Алмастың көңілін қалай көтерсек екен, қалай ойлайсыңдар?

Балалар ауырып жатқан баланың үйіне баруға бола ма ?

Тағы не істесек болар екен?

Тәрбиеші: Дұрыс мен хат жазайын.

Сендер не жазу керектігін айтыңдар.

(Хатты бір оқып беру)

Тәрбиеші: Хаттарыңды конвертке салып қоямын.

Балалар, досымызға хатты біз шын жүрегімізбен жақсы тілектер тілеп жаздық, солай емес пе?

Ендеше сол тілектер біздің досымызға деген махаббат пен сүйіспеншілігімізді білдіреді.

Тағы қалай көңілін көтеруге болады екен, балалар?

Ол ойларыңды да құптаймын.

Саусақ жаттығулары:

«Он саусақ» М. Әлибаев

Тәрбиеші:

Қызыл-жасыл, сарысын,

Қолға кезек аласың.

Фломастермен әр түрлі,

Алуан сурет саласың.

Фломастердің көмегі,

Міне, қандай көп еді!

Ұстай біл де, сала біл,

Достарыңа суретті, - демекші үстел үстіндегі параққа түрлі-түсті

фломастермен сурет салуларыңа болады.

Дұрыс, сендер достарың үшін көп жақсы іс істедіңдер. Мен сендердің мейірімді, қайырымды, досқа адал екендеріңді мақтан етемін.

Жарайсыңдар балалар!

Ән: «Достық»

Балалар, балалар,

Бал-бұл тәтті болыңдар!

Достық деген

Бұл – байлық!

Достарыңды сыйлаңдар!

Экраннан:

Міне, Алмастың анасы да сендердің жақсы істеріңе риза болып сендерге силық беріп жіберіпті деп мандаринді таратып беру

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Үйде жалғыз қалған жаман екенін және достарымен бірге қуанышты, көңілді екенін білу.

Меңгеруі: Мейірімді сезім істерімен қарым қатынас бойынша жағдаятты шешіп, досының көңілін көтере білуін меңгерді.

Жасай алуы: Досына түрлі әрекеттерді жасау арқылы көмектесті.

Автор:
Нұркамал ҚАСЫМБАЕВА № 6 балабақша Текелі қаласы