1 февраля 2013, 16:19 | 1 257 просмотров
Бұл туралы «Қалкаман-2» ықшамауданындағы № 176 мектеп-гимназияда өткен Әуезов аудандық білім бөлімінің жалпы білім беретін мекемелерде білім сапасын арттыру мәселесі бойынша жүргізген жұмыстарының есебінде айтылды.
Әуезов ауданында 35 орта білім беретін мекеменің 20-сы жаңа үлгідегі мектептер. Білім ордаларының 12-сі орыс, 11-і қазақ, 9-ы аралас (орыс және қазақ тілді) мектептер. Аудан мектептеріндегі 2 919 мұғалім 39 492 оқушыға білім беруде. Алматы қаласы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысында Әуезов ауданы 2010-2011 оқу жылында 1-ші, 2011-2012 оқу жылында 3-ші орынды иемденді. Ал 2010 жылы - № 173 лицей командасы Алматы қаласының әкімі тағайындаған «Үркер» төсбелгісінің иегері атанса, 2011-2012 оқу жылында аудандағы 61 оқушы халықаралық ғылыми жоба сайыстарының жеңімпаздары. 47 оқушы халықаралық олимпиаданың, 35 оқушы республикалық олимпиаданың, 13 оқушы республикалық ғылыми жоба сайыстарының жеңімпазы атанды. № 126 мектеп-лицейдің 6-шы сынып оқушысы Жансая Әбдімәлік шахматтан әлем чемпионатының 4-ші рет чемпионы болды.