Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СҮТ ҚОРАБЫНАН ҚАЛАМ САЛҒЫШ ЖАСАУ


1 февраля 2013, 16:20 | 4 821 просмотр


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қатырма қағаздан қалам-қарындаш салатын қорап жасату. Ой-өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке, әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабықтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ- жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер.

Қажетті материалдар мен құралдар: сүт қораптары, қайшы, желім.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп сабаққа даярлықтарын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Шиді қай мезгілде жинайды?

Ақ ши дегеніміз не?

Орама ши дегеніміз не ?

Шым ши дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ . Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сендерге мына өлең жолдарын оқып берейін:

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты- еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек .

- Иә, адамның жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын қызмет еңбек.

Еңбектенген адамнан өнер туады. «Өнер көзі халықта»- дейді дана халқымыз.

Бүгінгі сабағымызда қатырма қағаздан қалам- қарындаш және ұсақ түйек заттар салып қоятын қорап жасаймыз.

Бірнеше сүт қорабын жуып, тазалап , кептіреді. Үш қораптың ұзындығын әр- түрлі етіп түзулеп қиямыз. Ал қалған үш қорап қысқа етіп қиғаш кесіледі. Қораптардың сыртын түрлі – түсті қағазбен, жылтыр фольг мен қаптаса ерекше әсем көрінеді. Оларды желімдеп, біріктіреді. Сонда қалам салғыш құламайды, ішіндегі заттары да шашылмайды. Биік қораптарға қалам, -қарындаш, қайшы, сызғыш сияқты құралдарды салып қоюға болады . Ал аласа қораптар қыстырғыш, өшіргіш және басқа ұсақ түйек заттар салуға қолайлы. Мұндай қораптың сабақ дайындайтын үстел үстінде тұрғаны дұрыс. Өйткені өздеріңе қажетті құралдардың барлығын бір жерден табасыңдар.

І V. Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесі .

1. Қайшыны тұтқа жағынан бер.

2. Қағазды қиғанда саусағыңды кесіп алма.

3. Қайшыны ашық тастама.

4. Сабақ соңында жұмыс орныңды жина.

1. Ал қазір мынандай қалам салғыш жасаймыз , тақтада жазулы

Қалам салғыш – экономикалық шығын еңбек шығыны да аз әдемі дизайны.

Материал қымбат емес тез табылады төзімді, сапалы жасалады, ерекшеліктері мол.

2. Өз бетінше жұмыс

3. Жұмыс арасында оқушыға сергіту сәтін жасатамын.

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

Ал балалар тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарай иіліп ,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

Әр оқушының жұмыс жасау қабілетіне қарай бағаланады.

V.Сабақты бекіту.

Сабақ ұнады ма ?

Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе ?

Бағалау:

Оқушылардың жұмыстарын сыныпқа көрсетіп, бағаланады.

Мадақталады.

VІ. Қорытынды : Сүт қорабынан тағы қандай заттар жасауға болады?

Жасаған затың ұнады ма?

VІІ. Үйге тапсырма: сүт қорабынан қалам салғышты аяқтау.

Автор:
Ляйля САРЫБАЕВА, Сарыбастау орта мектебі технология пәнінің мұғалімі. Кербұлақ ауданы.