Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«МАҚТАНЫШЫМ ҚАЗАҚСТАН»


1 февраля 2013, 16:29 | 2 846 просмотров



Мақсаты:Балаларға Қазақстан республикасының рәміздерін, қалалары, елбасы туралы білімдерін шыңдау.

Қолданылған әдіс тәсіл:Әңгімелесу, сұрақ- жауап,жер картасы,шар,хат,көмір,күріш,мақта,балық суреті,бәйтерек суреті.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар « Мақтанышым Қазақстан атты» сабағымызға қош келдіңіздер.

Сабақ барысы:Балалар еліміздің гимнімен бастайды.

Гимн –Балалар бәрі бірге гимн айтады

Балалар шеңбер құрып турады,қолдарында суреттер сол суреттер арқылы амандасады.Балалар бәріміз шеңбер құрып турамыз. Берілген суреттердегі бейнеге назар аударып қараймыз. Онда бір-біріңмен қалай сәлемдесу керектігін сыйқырын көресіңдер.Егер күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қарайық, алақан бейнеленсе қолымызды қысайық, амандасайық, жүрек бейнеленсе- құшақтасайық, күн бейнеленген болса- жымия күлімдеп сәлемдесейік.

Тәрбиеші: Балалар біздің елімізге, кең байтақ жерімізге жетер еш жер жоқ. Қайда барсақ та, қайда жүрсек те, әр уақытта жүрегімізде туған еліміздің, елтаңбамыздың, әнұранымыздың, туымыздың бейнесі сақталады.Еліміздің жүрегі, бас қаласы Астанада ең биік ғимараты Бәйтерек бар.Осындай қалалармызды әсемдеп, тыныштығын сақтап отырған біздің елбасымыз.

-Біздің Отанамыз қалай аталады?

-еліміздің президенті кім?

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата?

-Еліміздің бас қаласын ата?

Тәрбиеші: Балалар кім тапқыр екенін білу үшін ойын ойнайық.

Ойын: «Бйік-аласа»

Қйсысы биік:

-Бәйтерек пе,әлде үй ме?

-Үй ме,әлде ағаш па?

-Ағаш па,әлде гүл ме?

-Гүл ме, әлде шөп пе?

Тәрбиеші: Бүлдіршіндеріміздің әдемі тақпақтарына да кезек берейік

Алинур- Отанымның ұлымын,

Туған жердің гүлімін

Бақытты мендей балалар

Мен солардың бірімін.

Жания- Көк аспанда қызыл күн,

Көк аспанда жас қыран

Естілгендей біздің үн,

Сол ғарыштың астынан.

Мирас- Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Айғаным- Туыспыз біз бәріміз

Бір отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

Расул- Отан-деген туған жер

Отан-ана,

Отан-үлкен,

Туған ел.

Заңғар- Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей даласы бар,

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем.

Тәрбиеші: Біздің отан Атамекен әрқашанда мақтан етем демекші Атамекен әнін тамашалаңыздар.

Ән – «Атамекен»(хор).

-Залда шар ұшып келеді тәрбиеші шарды ұстай бергенде шар жарылады ішінен хат түседі.Хат ішінде:

-«Сәлеметсіңдерме балалар, мен өмір бойы барлық жер шарын кезіп ұшып жүрмін,Қазақстан жерінің қалаларының әдемілігіне таң қаламын балалар айтыңдаршы қалалардың ерекшелігінің сыры неде?»

Тәрбиеші:Балалар Қарылғашқа көмектесейік. Енді Қазақстан картасымен жұмыс істеу арқылы өздерің білетін қалаларды көрсетіп оның байлықтарын атап көрейік.

-Алматы қаласы апорт алмасына бай.(балалар алма суретін Алматы қаласына жапсырады).

-Астана қаласы өте әдемі.онда ең биік ғимарат бар.(Бәйтеректің суреті ілінеді).

-Атырау,Ақтау қалаларында балық,мұнай газ өндіріледі.(балық суреті ілінеді).

-Қызылордада күріш өндіріледі(күріш ілінеді).

-Шымкент қаласында мақта өндіріледі. (мақтаны іледі).

-Қарағанды қаласы көмірге бай (көмір суреті ілінеді).

Тәрбиеші: Балалардың тақпақтарын да тамашалаңыздар

Алинур-Әке сыйлай аламын

Шеше сыйлай аламын.

Азаматы боламын,

Сүйікті Отан –ананың.

Нұрасыл- Отанды жас кәрімізде

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәрімізде,

Туып өмір сүреміз.

Айдос- Көгінде күн нұрын төккен.

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу,неткен көркем

Осы менің туған өлкем.

Алихан- Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Настя- Топ, топ,топ басайық

Жалаудан күн жасайық!

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн.

Нурлан- Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, ұлы отан.

Елім менің тірегім

Құшағыңда гүл отан.

Марғұлан- Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, қолдайды.

Өйткеніотан баласындай

Бізді асырап қорғайды.

Би-«Қаражорға» Билейтіндер:Алинур,Настя,Жания,Мирас.

Тәрбиеші:Балалар сабағымыз аяқталды бәріміз қонақтарға сау болыңыздар деп айтамыз.

Автор:
Айгерім УЛТАНБЕКОВА «Немерелер» балабақшасы «Бөбек» тобының тәрбиешісі Талдықорған қаласы