1 февраля 2013, 16:29 | 1 645 просмотров
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың жыл бойғы алған білімдерін қорытындылап бекіту.Оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтіп, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:
1. Қанатты сөздер.
2. «Жұлдызды сәт» ойыны. (сұрақ-жауап)
3. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ». (жарыс)
4. «Алтын қақпа» ойыны.
Сабақтың түрі: Сайыс-сабақ
Жүрісі:
I. Кіріспе сөз.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі өтетін «Сен тарихты білсің бе?» атты қайталау сабағына арналған сайысымызды бастаймыз.
1. Сайысқа қатысатын 8 сыныптың оқушылары «1» және «2» топқа бөлінді.
Сайысымыз үш бөлімнен тұрады:
А) «Жұлдызды сәт» ойыны. (сұрақ-жауап)
Ә) «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» (жарыс)
Б) «Алтын қақпа» ойыны.
- Ендеше, сайысымызды бастаймыз.
Әрбір берліген жауапқа 1 ұпайдан қойылады. Ең жақсы , дұрыс жауап беріп, көп қатысқан оқушыларды сайыс соңынан марапаттаймыз.
I. «Жұлдызды сәт» (сұрақ-жауап)
І топ сұрағы:
ІІ топ сұрағы:
1.«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» қашан
және қалай басталды?
2.Абылай хан туралы әңгімеле
3.Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
қай жылдары болды ?
4.Сырым датұлы қай жүзден шыққан?
5.Құлдарға сипаттама бер.
6. Бөкей хандығының территориясын
картадан көрсет.
7. Тасқа салынған суреттер қалай аталады?
ІІ. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» (жарыс)
1. Оқу, білім туралы мақал-мәтелдер айту.
Оқушылар мақал-мәтел жарысында бір рет айтылған мақал-мәтелді қайталамайды.
2. Жұмбақ шешу.
Қарсы топтар бір-біріне жұмбақ айтады, шешуін тапқан топқа бір ұпай беріледі.
II. «Алтын қақпа» ойыны.
Ойын барысында екі топқа кезек-кезек сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап берген топ «Тас қақпаны» ашуға жолдама алады. Одан кейін «Күміс қақпа» сұрақтарына жауап берсе, «Алтын қақпадан» кейін «Алтын сандық» сұрағына жауап берген топ жеңімпаз атанады.
Сұрақтар:
І топқа сұрақ.
1. Қазақтардың қару жарақ түрлері қандай болған?
2. Отар деген сөзді қалай түсінесіңдер?
ІІ топқа сұрақ.
1.Дала тұрғындарының қысқы-жазғы үйлері қандай болды?
2.Жұт дегенді қалай түсінесің?
Осы сұрақтарға жауап берген топ «Тас қақпаны» ашіға жолдама алады.
1. «Тас қақпа» сұрағы:
- Ерулік беру әдет-ғұрпын түсіндір ?
2. «Күміс қақпа» сұрағы:
- Жылу жинау дегенді қалай түсінесіңдер?
3. «Алтын қақпа» сұрағы:
- Жұртшылық дегенді түсіндір.
4. «Алтын сандық» сұрағы:
-Тәуіп пен дәрігердің айырмашылығын ата.
IY. Қорытынды.
III. Марапаттау.
IV. Оқушы еңбегін бағалау.