Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНІҢ ТАБИҒАТЫ


1 февраля 2013, 16:34 | 3 640 просмотров


Сабақтың мақсаты. Қасиетті өлке Жетісудің географиялық орнын анықтау, табиғаттың құрамдас бөліктері арасындағы байланысыты логикалық бейнелеуге, үйлестіруге дағдыландыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты. Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.

Сабақтың тәрбиелік мәні. Жерді қорғауға, өз еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиеті, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Табиғат белдемдер картасы, суреттер, альбомдар, кітапшалар.

Сабақ төмендегі жоспармен өтті.

1. Географиялық орыны;

2. Геологиялық құрлысы, пайдалы қазбалары;

3. Климаты, өзен-сулары;

4. Флорасы мен фаунасы;

5. Экологиялық жағдайы (Балқаш көлі, тақтаға плакатқа жазып ілінді)

Сынып оқушыларына қалаған тақырыбы бойынша тапсырмалар берілген.

Сынып оқушарының ішінен эксперт оқушы тағайындалды. (оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысына баға беруші.)

1. Географ-ғалым. Талдықорған аймағы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жатыр. Жер көлемі 18.5 мың ш/км. Республика жер көлемінің 4,5% құрайды.

Жоңғар Алатауы тау сілімдері мен Балқаш-Алакөл ойпатынан құрылған.Жоңғар Алатауында ең биік шың Бесбақан – 4464м.

Жетісу жерінде жиі-жиі жер сілкінулер болып тұрады.

Сондықтан Талдықорған аймағы сейсиикалық орталық болып саналады.

Солтүстік және солтүстік батыс құмдаутыболып келеді. Қаратал өзеннің батысында Сарыесік-Атырау, Мойынқұм құмдары жатыр. Құм үйілген төмпешік төбелерден тұрады. Құм үйінділердің биіктігі 2 метрден-15 метрге дейін жетеді.

Балқаш көлінің маңымен Лепсі өзеннің шығысын ала полеозой кезіңінен бері қалыптасқан ескі таулар Арқаралы және Арғанат созылып жатыр.

2. Геолог-ғалым. Талдықорған жері пайдалы қазбаларға бай. 1933 жылы геологМ.М. Юдичев отряды Текелі қаласының тауыннан қорғасын тапты. 1960 жылы Арқарлыдан алтын табылды. Мәрмәр, қорғасын, мырыш кені ашылды.

Жер қойнауында алтын, қорғасын, мырыш, мыс, таскөмір, қоңыркөмір, жаңғыс тақтатас, вольфрам, молибден рудалары, аллюминий шикізаттары, ас тұзы кесдеседі.

4. Биолог.Жетісу жерінде мекендейтін жануарлар сирек өсетін шөптерге сипаттама берді. Алакөл қорығына тоқталды.

5. Эколог.Жетісу жерінің экологиясына жан-жақты тоқталып табиғыи ескерткіштер:Алтынемел,Баянжүрек, және Асан қайғыға байланысты аңыз ертегілерге тоқтады.

6. Гидролог. Өзендері негізінен ішкі тұйық алапқа жатады. Негізгі қоректенуі қар, жаңбыр, жер асты сумен. Ірі өзендері Іле, Қаратал. Көксу, Ақсу, Лепсі, Тентек, Басқан, Сарқан. Негізгі ірі көлдері Балқаш, Алакөл, Сасық көл.

7. Ақын-жазушылар тобы. Осындай көркем табиғатын өздерінің жырларында Жетісу өлкесін жырлаған.

Жер таппан жерде жетер Жетісуым

Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым.

Асқардың аспан сүйген сілекейін.

Жан барма таппай ұғын, айтлайтұғын

Бөленген бұлтқа мәңгі меңереу құз

Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым

Асқардан ақтарыла арқыраған

Жөкеңнің кім аңсамас балдай суын.

(І. Жансүгіров)

Сабақ барысында оқушылар

Жетісуді толық сипаттап сырын ашып көрсетті.

Эксперт тобы оқушылардың шығармашылық еңбектерін саралай отырып, жоғары баға берді.

Автор:
Байдүйсен ЕГІЗБАЕВ. «Қылызорақ» орта мектебінің география пәнінің мұғалімі. Қаракөз ауылы Ақсу ауданы