Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР


1 февраля 2013, 16:35 | 1 692 просмотра


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ұлттық тағамдары,дәстүрі туралы алған білімдерін қорыту,пысықтау,өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп айту,сауатты сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Салт-дәстүрді дәріптей отырып,ұлттық тағамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,талдау, іздену,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,мақал-мәтелдер,тыйым сөздер,әуен,тағамдар топтамасы.

Сабақтың барысы:

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Балалар, сендер менің алақанымдасыңдар, сабаққа жақсы қатысып

отырсаңдар,онда жүрегімнен орын аласыңдар.

Тақтада ғажайып күн бейнеленген.Ол бүгінгі күнге шуақ шашып, бізге жылылық,қуаныш,бақыт әкеледі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Модуль бойынша өткен тақырыптарды әңгімелеу.

Тақырыпқа байланысты өлеңдер оқу.

Тағамдар туралы тыйым сөздерді жатқа айту.

Асыл сөз.

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған. «Ас-адамның арқауы» деп адамның өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, оны дәмді етіп дайындауды да жақсы білген.

III.Тапсырмалармен жұмыс.

Ет тағамдары: ... ,... ,... ,... ,... .

Сүт тағамдары: ..., ..., ..., ..., ... .

Нан тағамдары: ... , ..., ... , ... , ... .

IV.Қойылым: «Жалқау мен мешкей»

Тарта жесең, тай қалар

Қоя жесең, қой қалар,

Қоймай жесең, не қалар.

Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

Сен білесің бе?

Орташа есеппен алғанда,адам өз ғұмырында 6-7 жыл тамақ ішеді екен. Өмірінің 1 жыл 195 күні ас дайындауға кетсе,шамамен 40 тонна ас ішеді екен.

Сатылай кешенді талдау жұмыстары.

1.Шұжық сөзін септеулік талдау.

2.Шұбат сөзін фонетикалық талдау

3.Сиыр сүтінен жасалатын тағамдарды лексикалық талдау

Езутартарлар

Енді, балалар,Қуыршақ пен Бауырсақтың әңгімесіне құлақ түрелік.

Ән көңілдің ажары

Ән: «Қазақы дастарқаным»

V. Ойын: «Мақалдың жалғасын тап»

Нан бар жерде - … .

Қуырдақтың көкесін, … .

Ас жүрген жер - … .

Қазан қайнап тұрса, … .

Ат адамның қанаты, … .

Жылқының еті жесең- тісіңе кіреді, … .

Қойдың басы - … .

Ет-етке, … .

VI . Қорытынды: Қазақтың ұлттық тағамдары адам денсаулығына қажетті тағамдар болып табылады.

VII . Үйге тапсырма: «Ас-адамның арқауы» тақырыбына шағын шығарма жазу.

VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Автор:
Дина ТЫШТЫБАЕВА №1 Шонжы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұйғыр ауданы