1 февраля 2013, 16:37 | 4 436 просмотров
Сабақтың мақсаты:
1. Мақал- мәтелдің айырмашылығын түсіндіру және олардың қолдану ерекшелігі туралы мағлұмат беру.
2. Мақал –мәтелдерді тиімді қолдануға дағдыландыру, сөздік қорын дамыту.
3. Отанын, туған жерін құрметтеуге, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, жарыс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, жаттығулар, мәтін құрастыру, мақал-мәтел жарысы
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, мақал- мәтелдер жинағы, үлестірме қағаздар, суреттер, нақыл сөздер
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу ә) Оқушылардың сабаққа қатысымы
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Мақал- мәтел дегеніміз не?
2. Мақал- мәтелдердің қандай түрлері бар?
3. Мақал- мәтелдердің орнын басқа сөздермен ауыстыруға бола ма? ( себебі, дәлелде)
4. Мақал дегеніміз не, мәтел дегеніміз не? (Венн диаграмманы толтырып, дәлелдеңдер )
5. Жаттығу жұмыстарын тексеру. 132- жаттығу (әзілге негізделген мақал мәтелдер жазып келу)
1. Қашпақ болсаң, зымыра
2. Көңілсізден күлкі шықпас
3. Еріншектің егіні піспес
4. Борсық ұрған сайын семіреді.
5. Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.
6. Тойған үйге тоғыз бар.
7. Асыққан етегіне сүрінеді.
8. Бір кемпір бір кемпірді "апа" дейді.
Жаманның аттан құлағаны да жаман.
ІІІ. Мұғалім: Балалар, бүгін біздің сыныбымызда Тәуелсіз Қазақстанға 21 жыл толуына байланысты ерекше сабақ, тіпті той сабақ десекте болар еді.
Сендер « Тәуелсіз ел » деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
1.Топтастыру әдісі
Міне , балалар Алланың шапағаты тиіп, ата- баба аруағы қолдап, тәуелсіздіктің бақыт құсын қондырғалы 21 жыл толып, қуанышқа бөленіп отырмыз. Бұл- қазақ халқы үшін үлкен қуаныш, мақтаныш, үлкен той. Бізде осыған орай, елімізге мерекелік шашуымызды біліміміз арқылы шашайық!
Сынып екі топқа бөлінеді: І топ « Жерұйық», ІІ топ « Атамекен »
Алдарына бағалау парағын үлестіремін, мұнда сабақ кезеңдері бойынша жауап берген тап
1-кезең «Орамал тастау»
Жерұйық тобы білетін мақалдарын, Атамекен тобы мәтелдерін айтып, біріне- біріне орамал тастайды
2-кезең « Көкпар тарту »
Отан, ерлік, ынтымақ туралы мақал –мәтелдің жалғасын табу
1.Отан үшін отқа түс - ...
2. Отанды сүю ...
3. Ырыс алды - ...
4. Ерді намыс өлтіреді, ...
5. Ел үмітін, ...
6. Отан елдің анасы, ...
7. Отан үшін күрес, ...
8. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, ...
3- кезең « Жалауша » тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға, кішкене көк жалаушаларды сыйға тартамын.
134- жаттығу. Суретке қарап мәтін құрастыру. (оқулықпен жұмыс)
135- жаттығу (тақтамен жұмыс )
4- кезең « Алтын сақа » белгіленген уақыт ішінде мақал- мәтел айтып шығу
5- кезең « Сөз дәлдігі» тапсырмалар орындау
6- кезең « Елтаңба » сұрақтарға жауап беру арқылы « Елтаңба » макетін құру.
7- кезең « Алтыбақан » бұл кезеңде ән айтылады.
Ән « Көк тудың желбірегені », « Біздің Елтаңба » үзінді орындау.
ІV. Оқушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма: « Туған жер- алтын бесігім » тақырыбында мәтін құрастыру