Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ


1 февраля 2013, 16:37 | 2 132 просмотра


Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі – жастарға терең білім беру мен тәрбие беру. Ал, оның негізгі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсарту болып табылады.

Мектеп – еліміздің білім жүйесінің түп қазығы. Білім деңгейін көтеру үшін оқыту процесіне педогогикалық технологияны кеңінен енгізіп, оқытудың білімділік, дамытушылық сапасын көтерудің тың жолдарын, әдістерін қалыптастыру қажет.

Сабақ – шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орны болғандықтан, шешуші міндетті жүзеге асыру – ұстаздың шеберлігіне тәуелді. Оқу материалын қызықты ету үшін ойлана, жан – жақты даярланудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, оқушыларға берік те терең білім беруге мүмкіндік береді.

Оқушыларға оқу материалын түсінікті әрі қызықты етіп беру үшін сынпты көз алдыңызға елестеп, әрбір оқушының даярлығын мен мүмкіндігін, қабілеті мен біліміне сүйеніп, сабақтың құрлымына талдау жасай отырып, алдыңызға мақсат қоясыз. Оқу материалын баяндау барысында тәжірибелер көрсетіп, жаттығулар орындатып, дидактикалық материалдар мен техникалық құралдардың жүйелі пайдалану арқылы әсер алуға жетелейсіз.

Оқушыларға сапалы білім берудің жүзеге асыру үшін алдымен төмендегі шарттарды орындауды мақсат етіп қоямын.

1. Жалпы мәні бар ұлттық, аймақтық, жергілікті материалдарды өз сабағымад кеңінен пайдалану.

2. Оқушылардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

3. Оқушылардың физика сабақтарындағы белсенді іс - әрекеттерін ұйымдастыру үшін барынша көп мүмкіндіктер жасау.

4. Оқытудың әр кезеңінде оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын қалыптастырып, дамытып отыру.

5. Пәнаралық байланысты сабақта тиімді пайдалану.

6. Деңгейлік және саралап оқыту мақсатында барлық оқушылардың бағдарламалық білімді меңгеруін жүзеге асыру.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында басты мақсатым - әрбір оқушының білім алуының сапалық деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін оқу жоспарын ғылыми негізде ұйымдастыру. Оқушының білімді игеруін үш сатыдан тұратындай етіп құрамын:

1. Жаңа білімді игеру және оны пайдалана білу.

2. Игерген білімді өңдеп, оны таныс емес жағдайда қолдана білу.

3. Жаңа білімді өз бетімен игеру.

Аталған сатының әрқайсысында оқушының пәндік білімді игеруі төрт деңгейде өтеді:

1. Білу

2. Түсіну

3. Қолдану

4. Біліктену

Мысалы, «Гармониялық тербелістер. Тербеліс амплитудасы, периоды және жиілігі» тақырыбында оқушы тербеліс жайлы 9-сыныпта өткен түсінігін еске түсіре отырып, жаңа фактілерді, сондай-ақ толқын түрлерін жататын электормагниттік толқындардың қасиеттерін қабылдайды.

Бұл білімді қабылдау деңгейіне жатады.

2-деңгей – Түсіну, яғни қабылдаған жаңа мәліметті пысықтап бекіту, өз сөзімен естігенін айтып беру. Мысалы, Тербелістің өмірде алатын орны, т.б.

3-деңгей – Қолдану. Қабылдаған білімді формула бойынша тұжырымдау, есеп шғара білу, ұқсас мысалдар келтіру.

4-деңгей – Біліктену. Оқушы алған білімін, сабақтың мәнін түсіндіре білуі, басқа фактілермен салыстыра отырып, қорытынды жасай білу. Қарапайым түрде гармониялық тербелісті шығарып ала білу.

Әрбір сабақта, мүмкіндігіне қарай, жергілікті жер материалдарын пайдалана отырып, оқушының білмділігін артыруға көңіл бөлемін. Мысалы, 9-сыныпта «Импульс» тақырыбын өту кезінде әсерлесуші денелер ретінде асықты пайдаланамын.

Тыныштықта тұрған асықты екінші бір асықпен атқан кезде екінші асық неге қозғалады? Әсердің берілуі денеге жылдамдық туғызады деген мысал арқылы импульстың формуласы жазылып түсіндіріледі.

Сол сияқты үйге мынандай тапсырма беруге болады: стаканға су құйып, оны бір парақ қағаздың үстіне қойыңдар да қағазды жайлап тартып көріңдер, сосон оны лезде тартып алып қараңдар, «Қолдың тару әсерінің уақытқа тәуелділігі қандай?» - деген сауалды талдап, оған жауап беріңдер.

«Реактивті қозғалыс» тақырыбын өкенде картон қағаздан балық пішінін қиып, оның саңылауына пипетка арқыла май тамызып, біраз бақылаймыз. Май балықтағы саңылау арқылы аққанда балық ілгері жылжиды. Бұл тәжірибе реактивті қозғалысты түсіндіруде оқушының білімділік деңгейін арттыруға көмектеседі.

11-сыныпта дифракция, интерференция құбылысын түсідіруде құс қауырсыны, капрон мата, пластинканы пайдалана отырып түсіндіру өте тиімді.

9-сынта «Дыбыс толқындарын» өткенде резонтар ретінде домбыраның қуысын қарастыра отырып, адамның аузы резонтор екенін ескертіп, «жағыңды екі қолыңмен қатты қысып сөйлеп көр» деген тапсырам беріледі. Оқушылар өз тәжірибесіне түсініктеме береді.

11-сыныпта «Радиактивтік ыдырау заңы» тақырыбын өткенде радиактивті уран ..... 14 рет түрленуден кейін радиактивті емес ...... қорғаныс алынатыны айтылады.

Осы тұста қорғасынның Текелі қаласындағы қорғасын-мырыш өндіру кенішінде алынатынын ескертіп, қорғасын мен уранның мөлшері мен ыдырау периоды бойынша археологиялық қазбалардың жасын анықтауға болатынын түсіндіремін.

Әр сабақты өмірімен байланыстырып отыруға тырысамын. Мысалы, «Ауаның ылғалдылығы» тақырыбын өткенде ылғалдылықты сақтап, топырақтағы капиллярлық түтіктерді жою үшін қант қызылшасының арасын қопсыту ауыл шаруашылығында қолданылатынын, мұражайдағы экспонаттарды қалпында сақтау үшін ылғалдылықты ескеріп отыру қаажет екенін түсіндіремін.

Оқушыларға білім беруде жоғарыда айтылған деңгейлерді толығымен іске асыру үшін пән апталығын өткізу кезінде физика пәнінен мектепшілік олимпиада, әдістемелік күндер өткізген кезде осыларды басшылыққа алып отырамын.

Сол сияқты лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде оқушылардың білім деңгейін саралауды қолданамын.

Автор:
Дания АМИРЖАНОВА, Алғазы орта мектебі математика және физика пәнінің мұғалімі. Қаратал ауданы.