1 февраля 2013, 16:38 | 1 622 просмотра
Сабақтың мақсаты:
1. Су-тіршілік көзі екендігі туралы білім беру.
2. Оқушылардың, байқау, салыстыру, ойлау қабілетін дамыту.
3. Суды ұқыптылықпен пайдалануға тәрбиелеу.
Түрі: аралас.
Әдісі: Түсіндіру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Өткен тақырыпты қайталау: Слайд көрсету.
Ластанған ауаның тіршілікке тигізетін зияны қандай? Сыныпты 2 топқа бөлу.
3. Жаңа тақырыппен таныстыру
Өзі түссіз, дәмсіз,
Өмір онсыз нәрсіз.
1-ші тәжірибе
Суды бір стаканнан екінші стақанға құйыңдар.
Не байқадыңдар? Судың қандай қасиетін байқадыңдар?
Түйін: су ағады, ол сұйық.
2-ші тәжірибе
Балалар, судың дәмін көріңдер. Дәмі қандай?
Түйін: судың дәмі жоқ.
3-ші тәжірибе
Суы бар стақанды алыңдар. Оған қасық салыңдар. Қасық көріне ме? Ол мөлдір.
4-ші тәжірибе
Стақандағы суға түрлі-түсті таяқшаны салыңдар. Судың түсі қандай?
Түйін: су түссіз.
5-ші тәжірибе
Стақандағы суды иіскеп көреміз. Мұрнымыз не сезді? Судың иісі бар ма?
Түйін: судың иісі жоқ.
Сонымен біз судың қасиеті туралы не білдік
Электронды оқулықпен жұмыс. Слайд көрсету.
4. Дәптерге судың қасиеттерін жазып ал
5. Үйге берілген су туралы мақал-мәтелдеріңді оқыңдар.
1. Сулы жер, нулы жер.
2. Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
3. Су ішкен құдығыңы түкірме.
4. Сумен ойнасаң батасың,
Отпен ойнасаң күйесің.
6. Мәтінді түсініп оқы.
Тыйым сөздерді жазып ал.
Құдыққа түкірме, кірдің суын өзенге төкпе, түнде суға барма, адамға су шашпа, судың бетін ашық қалдырма.
7. Слайдпен жұмыс.
Мына адамның алақанындағы жер шарына сендер не тілер едіңдер?
Су-байлық. Су таза, иіссіз, мөлдір. Су қатты, сұйық күйінде кездеседі. Жер бетінде сусыз тіршілік болмайды. Су барлық тірі табиғатқа өмір береді. Суды үнемдеп сақтау керек.
8. Сабақты қорытындылау.
- Әр топ өз қорытындысын айтсын.
- Бағалау.
Үйге: оқу.