1 февраля 2013, 16:38 | 1 844 просмотра
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.
Дамытушылық: дұрыс сөйлеу, сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту.
Тәрбиелілік: Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың байланысы: ана тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) психологиялық дайындық.
Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? Мінеки балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі. Біз сәлемдесу арқылы бір-бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз. Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
254-жаттығу, сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3. Үй тапсырмасын бекіту. Интерактивті тақтамен жұмыс.
«Ойлан тап» ойыны.
Ұяшықтар берілген. Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.
1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
4. Сөйлем дегеніміз не?
5. Жұмбақ.
«Өзім сөзден тұрамын
Аяқталған ойды құрамын» (сөйлем)
6. Мәтін деген не?
4. Жаңа сабақ.
Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 255-262-жаттығу.
255-жаттығу. Екі бағанды оқып, салыстыру.
Біз, ауыл, тұр. Біз ауылда тұрамыз.
Балалар, қала, бар.Балалар қалаға барады.
Киім, кірлетпей, ки. Киімді кірлетпей ки.
Сөйлем болу үшін сөздер қандай өзгеріске түскенін түсіндіру.
Ережені түсіндіру.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті.
Мұғалім тапсырманы тексерді
Бағалау.