Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«КӨБЕЛЕКТЕР»


1 февраля 2013, 16:39 | 3 664 просмотра


Сабақтың мақсаты:

1. балалардың көбелектің бейнесін қиып, жапсыру және қайшымен дұрыс жұмыс жасау іскерліктерін бекіту.

2. ШЫғамашылыққа баули отырып, қойылған талаптарды бірлесе шешуге үйрету. Ұжымдық жұмыс барысында өзара - қатынастарына тәрбиелеу. Табиғатты сүйіп, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

3. Бейнелеу өнеріне деген қызуғышылығын, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Сабақтың барысы:

Жылулық шеңбер: «Тілек шоғы»

Мен балаларға ғажайып гүлдер қалашығыеа саяхат жасайтыңды хабарлап, оларға әдемі гүлдерді үлестіріп беремін. Мен қолымдағы гүлді жанымда тұрған балаға есімін атап, жылы сөз айтып ұсынамын. Бала мен ұсынған гүлін өзінің гүлімен бірге, тілегін айта отырып, келесі балаға береді. Гүлдер көбейтіп, «тілек шоғы» болып, қайта маған оралады.

- Сендердің бір- біріңе гүл сыйлағандарыңды бақылаған қандай тамаша! Біз айтқан сөздеріңді ғана емес, жүрек жылуларын сыйлағандарыңды да сездік. Өздерінің достарыңды жақсы көріңдер, сендер тек қана гүл емес, жүректерінің жылуын да сыйлай біліңдер.

Мен балаларға жұмбақ жасырамын:

«Гүл көрсе, күлімдейді,

Қолыма ілінбейді.

Көп гүлдің арасынан

Түр түсі біліңбейді.

Көріп жаздың қызығын,

Гүлден гүлге самғайын.

Гүлдің ерке қызымын,

Гүлден өзім аумаймын.

Осы кезде топқа көбелек үшып кіреді

- Балалар, бізге қоннаққа көбелек келіпті, қараңдар өзі қандай әдемі, қанаттарын алуан - алуан. Көбелек- әсем түсті екі қанаты бар ұшатын жәндік. Көбелектердің түрлері өте көп. Олардың өмір сүруі ауа- райына байланысты, ашық күнде олар ұзақ өмір сүреді. Ал, ауа- райы-- суық, желді, ылғалды болса- олар тез өліп қалады.

Көбелектердің ұйқысыда ерекше болады: олар ештеңені көрмейді, естімейді, сезбейді. Көбелектер үшін қиын және көңілсіз күндер болмайды - әр күдер ашық, жылы, шуақты. Өйткені, көбелектер гүл көмкерген жасыл алқаптарда ұшып жүреді.

- Иә, біз, көбелектер, туған жеріміздің табиғатының ерекшелігін, әдемілігін күнде көреміз, естиміз, сеземіз. Отанымызға сүйіспеншілік- туған жердің табиғатын аялаудан, әсемділігін сезінуден басталады.

Өзімен бірге біздің қонағымыз бір хат алып келіпті, мен осы сендерге оны оқып берейін.

Әдемі музыка әуенңін ырғағына хатты оқимын.

«Таң атты». Ормандағы, бақтағы, алаңдағы гүлдер, шөптер, ағаштар күннің жылы шуағынан оянды. Олар қуанып, жоғары көтеріліп, көгілдер аспанға қол созды. Ал көк аспанда мамықтай ақша бұлттар қалықтап барады. Олар сондай әдемі.

Кенеттен таңғы самал жел есіп өтті. Жасыл ағаштар, жұмсақ шөптер, әдемі гүлдер жан біткендей тіріліп, қозғала бастады. Гүлдердің, шөптердің усті, ағаштар жапырақтарды сыбдырлай түсті. Ағаштардаң гүлдерге, шөптерге салқын тамшылар тамды. Бұл түнгі жаңбырдан қалған тамшылар. Тырс-тырс-тырс! Тамшыларды тынымсыз амал жел қағып тастағаны қандай жақсы болды.

Қандай ғажап! Бақтағы құстардың әндері қандай тамаша. Гүлдердің айналасында аралар ызылдай бастады, түрлі-түсті көбелектер ұшып жұр

- Ал мен болсам жалғызбын, достарым да жоқ.

- Көбелек, сен мұңайма, біздің балалар саған көмектесе алады, олар сенін достарың да бола алады.

Сергіту сәт:

Қане, қанат жазайық,

Көбелек боп ұшайық.

Ұшып, ұшып алайық

Әдемі гүлге қонайық

- Жоқ, сендер менің достарыма ұқсамайсыңдар, сендердің қанаттарың жоқ

Олай болса, ойланып көрейк. Біз көбелекке қалай көмектесе аламыз екен?

- Алақай, онда біз сиқырлы шеберханаға барып, саған ұқсайтын достарыңды жасайық.

Мен балаларға жұмыстың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, түсіндіремін

Жұмыс барысы:

Түрлі-түсті қағаздан көбелектің денесің қиып алады

Қосымша бөлектерін: көбелектің қанатындағы өрнектерді оракалдан қиып жапсырады, фломастермен көздерін, мұртын салады.

Дайын болған көбелектерді алдынала дайындалған гүлзарға орналастырамыз

Мен тимеймін, жасқанба,

Дос болайық, көбелек.

Жайнап тұрған бақшамда

Гүлдерімдіердің көре кет.

Балалар көбелектерге ән айтып береді

Ән «Көбелектер».

Автор:
Мәншүк ОМАРХАНОВА № 19 мектеп- гимназиясы мен мектепке дейнгі шағын орталығының "Балапан " топ тәрбиешісі Талдықорған қаласы