Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"ТОЛҚЫНДАР МЕН ТЕРБЕЛІСТЕР"


1 февраля 2013, 16:56 | 3 655 просмотров


Сабақтың тақырыбы: Толқындар мен тербелістер.

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың тербелістер мен толқындар тарауы бойынша алған білімдерін байқау, тексеру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өздігінен ойланып, жұмыс істеу қабілетін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, физикалық есептерді шығара білуге дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ үстінде ұқыптылыққа, өзін – өзі бағалай білуге, өздеріне деген сенімділікке, уақыттарын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Сабақтын түрі: қайталау сабағы ,оқушылардың тарау бойынша білімдерін тексеру, бағалау.

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, формулаларды қолданып есептерді шығару.

Көрнекілік: слайд, карточкалар,музыкалық аспаптар/домбыра,гитара/,бағалау парақтары,плакаттар, «Құстар» әніне минусовка

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет,биология, музыка

Сабақтын барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушылармен сәлемдесу,психологиялық көңіл-күйін байқау

Б) сабаққа керекті құрал-жабдықтарды түгендеу

(Кезекші рапорт береді, жоқ оқушыларды белгілеу, бағалау парағын тарату) (1 мин )

•Психологиялық тренинг (1 мин )

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау

Миға шабуыл/ сыныпты 3 топқа бөлу, топпен жұмыс/

І топ Физиктер «Тапқырлар»

ІІ топ Математиктер «Ойшылдар»

ІІІ топ Тарихшылар «Шежірешілер»

І –кезеңі

Оқушылар білім тексеру үшін балама тест өткізу.

Тесттің сұрақтары интерактивті тақтада шығарылады. Оқушы әр сұрақты оқып, (иә, жоқ) жауаптарын қолдана отырып жауап береді.

Сұрақтар:

1. Белгілі уақыт өткенде, қайталанып отыратын процестерді тербеліс деп атайдыма? (Иә)

2. Ұзындыққа секіріп жатқан спортсменнің қозғалысы механикалық тербеліске жатадыма? (Жоқ)

3. Тербелістін периоды Т =t/n формуласымен өрнектеледіме? (Иә)

4. Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны, тербелістер жиілігі деп аталадыма? (Иә)

5. Жиіліктің өлшем бірлігі секундпа? (Жоқ)

6. Серіппелі маятниктің тербелу периоды Т =2πl/g формуласымен анықталадыма? (Жоқ)

7. 1 минутта 30 тербеліс жасайтын маятниктің тербеліс жиілігі 2 Гц тең бе екен? (Жоқ)

8. Адам құлағының естуі 140 дБ артама? (Жоқ)

9. Математикалық маятниктің жібі неғұрлым ұзын болса, тербеліс периоды соғұрлым көп боладыма?(Иә)

10. Тербеліс жиілігі 20000 Гц жоғары дыбыс толқындарын инфрадыбыс деп аталадыма? (Жоқ)

ІІ –кезеңі Семантикалық картаны толтыру

Бұл сұрақтарға берген жауаптары бойынша оқушылар бағалау парағын толтырады.

ІІІ кезең: Ал енді үй тапсырмасын қайталап болсақ әр топқа тапсырма үлестіріледі.

Ойшылдар, яғни математиктерге есептер беріледі.

Оқушыларға кортачкада есептер беру. Тақтада және орындарында есептерді шешеді.

№1.

Егер периоды 0,005 с тербеліс суда ұзындығы 7,175 м дыбыс толқының тудырса, онда осы дыбыстың жылдамдығы қандай?

№2. Ай бетіндегі ұзындығы 1 м математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай? Айдағы еркін түсү үдеуі 1,62 м/с2.

№3.

Рояльдың жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Дыбыстың таралуы жылдамдығы 340 м/с. Ауадағы дыбыс толқындар ұзындықтарының диапазондарын табындар.

№4.

Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5 с өткен соң естейді. Мылтық дауысын шағылдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстын таралу жылдамдығын 340 м/с деп есептендер.

Тапқырлар тобына яғни физиктерге :

І тапсырма: математикалық маятниктің тербеліс периоды ,оның а) ұзындығына; ә) массасына ; б) тепе-теңдік қалпынан ауытқу бұрышына тәуелді бола ма?

Құрал –жабдықтар: 1) жіпке ілінген шар; 2) секунд өлшеуіш ; 3) массасы әр түрлі шарлар жиынтығы;

ІІ тапсырма: болат шары бар математикалық маятниктің астына магнит қойса,тербелісінің жиілігі өзгере ме?

Құрал-жабдықтар: 1) болат шарлы маятник; 2) магнит; 3) секунд өлшеуіш; 4) ұзындығы (139?0,5) см маятник (0,9?0,2) с уақыт ішінде 29 тербеліс жасайды.

Шежірешілерге , яғни тарихшыларға :

І тапсырма: Алғашқы маятникті сағат құрастырған ғалым кім? Қай жылы?

ІІ тапсырма: Резонанстың пайдалы және зиянды әсерлері.

ІІІ тапсырма: Дж.Томсонның еңбектері?

Топтар тапсырманы орындап болғаннан кейін бағалау парақтарын толтырады.

ІV –кезең: Сабақты қорытындылау

Құрметті оқушылар тербелістер мен толқындар тарауынан алған білімімізді көрсеттік ,енді сабақты қорытындылайық.Сыныпта музыкалық аспаптар қазақтың қасиетті қос ішекті қара домбырасы, төрт ішекті гитара аспабы тұр.Араларыңда осы аспаптарда ойнайтын оқушылар болса бір әннен үзінді орындап берулеріне болады.Менің осы сабағымда домбырамен 9б сынып оқушысы Байсаров Темірхан күй орындап берді , 9б сынып оқушысы Ақерке гитарамен әннен үзінді орындап берді.Осы жерде оқушыларға сұрақ қойдым: «Осы аспаптарды орындағанда қандай физикалық құбылысты түсіндіресің?»

Домбыра -қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

Бүгінгі сабағымызды осы аспаптармен және орындалған музыкалық үзінділермен оқушылар қорытындылады.

Жүрек жайлы түсінік беріп өттім.Оқушыларға сұрақ қойдым: «Бүгінгі тақырыпқа байланысы бар ма ?» деп.Оқушылар бірден жүректің соғуы тербеліске жататынын айтты.

Жүрек – адамның бойындағы таразысы. Ақылдың ойлап тапқан пайдалы ісін құптайтын, арамдығына жол бермейтін де жүрек. Жұдырықтай ғана бір түйір ет болғанымен, бүкіл ағзаның қанын өзінен өткізіп, тынымсыз жұмыс істеуімен адамның тіршілігінде маңызды рөл атқарады.

Шіркін-ай, жүрек деген сезбес болса,

Шарқ ұрып шар дүниені кезбес болса,

О, кімнен менің жаным аяулы деп,

Өзінен өзі қашып, безбес болса.

Қазақ халқының ақын жазушыларының өлең жолдарынан тербелістер мен толқындар жайлы жазған өлең жолдарынан үзінділер оқыдым.Сол арқылы оқушылардың білімі мен біліктілігі арта түсті.

Интернет желісі бойынша «Құстар» әні гитарада ойналады, мен сыныппен бірге әнді орындадық. Сосын оқушыларға сұрақ қойылды «Мен неге құстар әнін алдым?» Оқушылар бірден жауап берді ,себебі құстың қанатының өзі толқын мен тербеліске жатады және әннің сөзі осы тақырыпты ашады және ой қозғайды деп оқушылар сабақты өздері қорытындылады.

Ү.Үйге тапсырма: қайталау «Тербелістер мен толқындар », есептер шығару, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ,тесттік жұмыска дайындалу.

ҮІ.Бағалау: Оқушылар бағалау парағындағы бағаларының қорытынды бағасын шығарады. (тапсырма бойынша алған бағаларын бір – біріне қосады және 3- ке бөледі)

Автор:
Кенжетай НУРТАЗИНА Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектебінің бірінші санатты физика пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы