Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"БІРІККЕН СӨЗДЕР"


1 февраля 2013, 17:06 | 3 116 просмотров


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік.Біріккен сөз жайында түсініктерін пысықтау, алған білімдерін саралап жинақтау. Сөз байлығын арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру.

2. Дамытушылық. Сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын тиянақтап, дәлелдеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік . Өз әрекетін жоспарлауға , жүйелеуге, топта ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру.

Құралдар: Оқулық, А-4 форматындағы қағаз,кесте, сызба.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, ойын, топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Көрнекілік: Үлестірме қағаз, фигуралар, гүл, ашық хат.

Топқа бөлу: «Сыңарын тап» ойыны. Ашық хаттың екінші қиындысын іздеп тауып, топқа бөліну.

Тапқан оқушы сол қиындыдағы сөзді оқып, ережесін айтады.

Сабақтың барысы: I.Ұымдастыру кезеңі. Сабаққа дайыдық.

II. Үй жұмысы. №30. Оқу. Ереже.

III. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

IV.Жаңа сабақ: Біріккен сөз.

Көркем жазу: Әріп, буын, сөз, сөйлем жазу.

V. Жаңа материалды түсіндіру: «Фигураны тап» ойыны.

1. Жеке жұмыс: Әр бала фигуралардың ішінен күрделі сөзді тауып қалай жасалғанын айтады. Сөз құрамына талдайды.(екі түбірдің бірігуінен жасалған).

Шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, кесінді.

2. Топтық жұмыс: «Бәйге» ойыны. Сұраққа тура жауап беру.№32. Берілген сөздерді

оқып, сөз құрамына талдау. Әр сөз неше түбірден құралған?

1-топ: Жер аттары: Айнабұлақ,...

2-топ: Су аттары: Алакөл,...

3-топ: Кісі аттары: Нұрдәулет,...

Жариялау: Әр топ атынан бір бала өз жұмыстарын оқып береді.

3. Жеке жұмыс: «Көкпар» ойыны. Сөздерді көшіріп жаз. Неше түбірден құралған?

4. Топтық жұмыс: Топ ішінде жауаптарын талқылап, толықтырады. Ереже.

Жариялау:Байқаған өзгерісін айтады. (Бірігіп жазылады).

5. Ойсергек: «Санамақ» ойыны. Бір оқушы ортаға шығып 10 біріккен сөз айтып

шығады, топ көмектеседі.

Оқулықпен жұмыс: №34. Өлеңді оқып, жатқа жазу. Біріккен сөздерді ата.

6. Топтық жұмыс: №35. «Сөйлем құрастыр» ойыны. Біріккен сөздерді қатыстырып

сөйлем құрастырып жаз.

1-топ. Аққұтан. Аққұтан көктемде келеді.

2-топ. Шекара. Шекарашылар шекара күзетеді.

3-топ. Көкжиек. Көкжиек тұсына көз жетпейді.

Жеке жұмыс:«Кім жылдам» ойыны.Үлестірме қағазбен жұмыс.

№ 1. Екі түбірден сөз құрап жаз.

№ 2. Өлең шумағынан біріккен сөзді тауып, астын сыз.

№ 3. Біріккен сөздерді топтап жаз.

Кісі аттары: ...,...,... .

Заттар: ...,...,... .

№ 4. Біріккен сөзден жасалған өсімдік аттарын теріп жаз.

№ 5. Біріккен сөздерді топтап жаз.

Жер- су аттары: ...,...,... .

Үй хайуанының аттары: ...,...,... .

Сергіту жаттығуы:

8. Топтық жұмыс: Кесте толтыру. «Топтастыру».Біріккен сөз ерекшеліктерін жазу. Топ

ішінде талдау, қорғау.

9. Топтық жұмыс: «Тауып жаз» ойыны. Жылдам, көп сөз жазу.

I.Аңдардың атын жаз.

II. Құстардың атын жаз.

III. Өсімдіктердің атын жаз.

10. Жеке жұмыс: «Кім тапқыр» Ұяшықты таңдау. Сұраққа жауап беру.

V.Қорытынды: Бүгін не үйрендіңдер? Қай жаттығуды орындаған қызық болды? Топ ішінде қалай жұмыс

жасадыңдыр?

-Рахмет. Қол шапалақтау.

VI. Үйге. №37 77-78 бет

VII.Бағалау.

Автор:
Балия НУРШАНОВА С.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясы. Қаратал ауданы.