Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАНДА ҰНТАҚ АНТИБИОТИКТЕР ШЫҒАРЫЛА БАСТАЙДЫ


1 февраля 2013, 17:20 | 2 152 просмотра



Бұл туралы бүгін «Тиісті өндірістік тәжірибе» GMP сертификатын тапсыру салтанаты кезінде «Santo Member of Polpharma Group» компаниясының Бас директоры Влодзимирз Грыглевич мәлімдеді. «Қазақстандағы алғашқы антибиотиктер өндірісінің халықаралық стандартқа сәйкес іске қосылып отырғаны Қазақстандағы ең ірі өндіруші «Santo Member of Polpharma Group» компаниясының тағы да бір айқын сипатына айналып отыр. Біз бұдан әрі де Қазақстандағы фармацевтика индустриясының дамуына қаржы құюды белсенді түрде жалғастыратын боламыз. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттігін арттыруға және халықаралық деңгейге шығуға ықпал етпек», деп атап өтті ол. Айта кету керек, мұндай бастама ҮИИД бағдарламасына толығымен сәйекс келеді. Осы бағдарлама бойынша, отандық экономикада басымдық берілетін салалардың бірі ретінде фармацевтика өнеркәсібі жарияланған болатын.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ