Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ИТ ҚАПТЫ


1 февраля 2013, 17:21 | 2 006 просмотров



Облыс орталығындағы иесіз, қадағалаусыз, қаңғыбас ит пен мысықтарды жою үшін ғана облыстық бюджеттен өткен жылы 950 мың теңге, ал Талдықорған қаласы қоржынынан бір жарым миллион теңге қарастырылыпты. Бірақ, 2 миллионға жуық ақша сол жылғы қараша айына ғана жетіпті-міс. Цифрларға кезек берелік. Жыл басынан бері, яғни 2012 жылдың қарашасына дейін қала бойынша 1400-ден сәл асатын ит, саны 20-ға толмайтын мысық жойылыпты.

STOP!

Былтыр 791 талдықорғандық ит талауынан зардап шегіпті. Адамдарға дене жарақаттарын салған қаңғыбас иттер саны 426-ны құраса, 365-сі аулада немесе үйде асыраудағы дүрегейлер.

Сол жылғы сәуір айында жаңадан қалалық ветеринария бөлімінің жанынан арнайы мекеме ашылыпты. Құп. Бірақ, аталмыш мекеме не көлікке не жеткілікті қаражатқа жарымай отырған сыңайлы. Желтоқсан айында мекеме жұмысшылары 185 итті өз күштерімен жойған екен. Шахарда мұнымен күн-түн кезген төрт аяқтылар азайды деп айтуға келе қоймас. Дегенмен, біздің айтарымыз, сақтанғанды ғана... Иә, соларды ғана сақтайды. Абай болайық!

Автор:
Ырысбай КЕНЖЕБАЙҰЛЫ