Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ


1 февраля 2013, 17:27 | 1 552 просмотра



Нобель сыйлығының иегері, белгілі математик әрі экономист Джон Форбс Нэш әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың «Экономика-математикалық әдістер мен үлгілер» атты кітабына өзінің жоғары бағасын берді.

Д. Нэш авторға жазған хатында «Cіздің кітабыңызға қатысты, мен өте қатты әсерлендім. Сіздің кітабыңыз туралы пікірім өте жоғары. Бүгінде эконометрия, әсіресе экономистер мен осы сала бойынша маман даярлайтын университеттер тарапынан жоғары бағаланып отыр. Жақында Принстондық профессор К. Симс Нобель сыйлығының иегері атанды. Оның эконометрия саласындағы жұмысы жан-жақты қолдауға ие болды. Сіздің кітабыңыздан мен Гарольд Каунға сілтеме көрдім. Мен оны көптеген жылдар бойы, «венгерлік әдіске» байланысты білуші едім. Ұсынылған зерттеу нәтижелері маған зор әсер етті», - деп атап өтті.

Күрделі әлеуметтік-экономикалық үрдістерді математикалық және статистикалық әдістер мен үлгілер түрінде сипаттаудың тиімді әдістерінің бірі болып табылатын эконометрия экономикалық ғылымдар арасында жетекші орындардың бірін алады. Шетелдік мамандар мен ғалымдардың пікірінше Қазақстанда эконометрияның заманауи мектебі қалыптасқан. Бұл ғылым экономиканың түрі салаларында жан-жақты қолданылып келеді және ел Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған экономикалық саясаттың жаңа курсы аясында ерекше сұранысқа ие болып отыр.

Белгілі шетелдік баспалар Ғ. Мұтановтың монографиясын жариялауға қызығушылық танытты, алайда автор отандық ғылымның артықшылығы мен басымдылығын сақтай отырып, өз еңбегін Қазақстанда басып шығарды.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ