Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БИЫЛ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ФОРМАТЫ ӨЗГЕРМЕЙДІ


1 февраля 2013, 17:27 | 1 359 просмотров



Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгермейді. Бұл туралы Астанада ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Ұлттық бірыңғай тесті форматы өзгермейді. Сол қалпында қалдырамыз. Бірақ, оның мазмұны 30-40 пайызға толығынан өзгертілетін болады. Оның ішінде логикалық сұрақтарға ерекше көңіл бөлінбек», - деді Б. Жұмағұлов. Белгілі болғандай. 2015 жылдан ҰБТ екі кезеңге бөлінеді. Атап айтқанда, біріншісінде Ұлттық бірыңғай тесті мектеп бітірушелерді қамтиды, ал кешенді тестілеу жоғары оқу орнына түсетін талапкерлерге жүргізілетін болады.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ