Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған политехникалық колледжінде болашақ мамандарға патриоттық тәрбие беру


8 февраля 2013, 00:20 | 1 750 просмотров


Бүгін қоғам өз мамандарынан политехникалық біліммен қатар, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларын терең меңгерген, білікті болуды талап еттеді. Елбасы «Қазақстан - 2050» даму Стратегиясында тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Колледж педагогтері алдында оқушыларды тәрбиелеу міндеттерінің ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келе жатыр.

Колледждегі тәрбие жұмысының мақсаты - болашақ маманның әлеуметтік және кәсіби дамуына жағдай жасау, дені сау және рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Патриоттық және әскери - патриоттық тәрбие жұмысы – тәрбие жұмысының үлкен бір маңызды бағыты. Колледжде жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін, Қарулы Күштерді құрметтеуді қалыптастыру айрықша назарда. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Бұл «Менің елімнің рәміздері» шығармалар байқауы, Республикамыздың мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Біздің рәміздеріміз» саптүзеуі, «Тәуелсіздік рәміздері» тақырыбына сынып сағаттары. Аталған шаралар алғашқы әскери дайындықта да жалғасын табады. «Жауынгерлік Ту», «Қарулы Күштердің жауынгерлік дәстүрлері», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет» тақырыптарына әңгіме – сұхбаттар жүргізіледі. Сонымен қатар «Жас Ұлан» әскери – спорттық ұйірменің ұйымдастыруымен салтанатты шерулер өткізілді.

Жас өспірімдерді Отанды сүюге, Қарулы Күштерді құрметтеуге және әскери борышты өтеуге дайын болуға тәрбиелеуде әскери – спорттық шаралар арқылы жеткізудің маңызы зор. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында кешенді іс – шаралар өткізілді. Солардың ішінде колледждік сап және әскери ән байқауы оқушыларды өздерін Отан қорғаушылар қатарына бір қадам жақын екендігін сезіндірді. Колледж топтарының арасында жыл сайын өткізіліп тұратын «Жас Ұлан» әскери спорттық жарыстары студенттердің патриоттық сезімдерін арттырып, әскери қызметке деген қызығушылықтарын тудырады. Мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған шараларда міндетті түрде көк байрағымыз көтеріліп, мемлекеттік әнұран орындалады.

Жоғарыда аталған жұмыстың нәтижесі – оқушылардың облыстық және қалалық жарыстардағы жеңістері. Колледждің «Жас Ұлан» взводы қалалық және облыстық жарыстарда жыл сайын жүлделі орындарға және «Ұздік саптық дайындық взводы», «Үздік спорттық взвод», «Үздік атқыштар» атақтарға қол жеткізуде. Әр жылдары взвод командирлері болған Ринат Кезенбаев, Бейсенқожа Нұрбаев «Ұздік взвод командирі» деп аталған. 2012 жылғы колледж түлектерінің арасынан төрт адам өздерінің болашақ мамандығы ретінде әскери қызметті таңдады.

Патриоттық тәрбие жұмысы үнемі дамып жетілдіріліп отырады. Бізді бір мақсат біріктіреді, ол болашақ маманды тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қол жеткізу. Бұл мақсатта жұмыс істеу қиын болса да, қызықты.

Автор:
Жанат Сарикенов, Талдықорған политехникалық колледжінің әскери жетекшісі.