Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қайталау


8 февраля 2013, 00:45 | 1 339 просмотров


Сабақтың мақсаты:

а)оқушылардың көбейту мен бөлу амалдары туралы білімін жүйелеу;

ә)есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; б)салыстырып, талдай білуге баулу, адамгершілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: талдау,сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық!

Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.

Әрбір адам – туыс, бауыр жұрағат,

Әрбір сабақ – өнер, білім, ұлағат!

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 7,9.

ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.

Ауызша жұмыс.

Көбейтіндінің мәндері өсіп отыратын етіп орналастыру керек.

Қадыр Мырза Әлидің «Мұғалима» өлеңін жатқа айтқызу.

«Гүл теру» ойыны

Формулаларға қарап, ережелерді айтқызу.

ІҮ. Мақсат қою арқылы тексеру.

«Бәйге» ойыны Топпен жұмыс

Үш топтан үш оқушы шығады, кезекпен сұрақтар қойылады.

№ 1, № 2 үш қатармен жылдамдыққа шығарады.

6 : 6 = 18 ∙ 2 = 1614 : 2 = 7

9 ∙ 0 = 0 10 ∙ 2 = 20 2 : 2 = 1

0: 17 = 016 ∙ 2 = 320 : 2 = 0

Жеңімпаз топты анықтау.

Өзіндік жұмыс. №3 Теңдеулерді шеш.

Х ∙ 9 = 18 12 : х = 6 х : 2 = 2

№ 4. Өрнектердің мәнін тап. Жұптық жұмыс.

а) а + 28; б) а – 39,мұндағы: а = 72,106, 254, 300.

Сергіту сәті.

Оңға-оңға түзу тұр,

Солға –солға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық!

Ү. Түсінгенін тексеру.

Есеп шығару.№ 5.

1) І к – 305 бет Шешуі: 926 – ( 305 + (305 – 35)) = 926 – 575 = 351

ІІ к - ?, 35 бет кем 926 бет Жауабы: үшінші кітапта 351 бет.

ІІІ к - ? қалғаны

1) 3с - 4 кітап

Шешуі: 3•4 + 2•6 =24

2с - 6 кітап ? кітап Жауабы: барлығы 24 кітап.

№6. Өзіндік жұмыс.

Бірін- бірі тексеру.

№9. «Кім жылдам?» ойыны арқылы уақытқа шығару.

ҮІ.Үйге тапсырма. №7,8 47 бет. Бағалау.

Автор:
Б.О.Жикеева Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Жаркент қаласы Панфилов ауданы