Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі


8 февраля 2013, 00:48 | 3 096 просмотров


Сабақтың мақсаты: Сабақта ойын арқылы дамыта оқыту технологиясын пайдала отырып ,балаларды жабайы жануарлармен таныстыру,олардың

дыбыстарын ажырата алуға үйрету.

Жабайы аңдардың қыста немен қоректенетіні ,тіршілігі туралы түсініктерін

кеңейту.Тіл дамыту сабағы мен Қоршаған ортамен танысу сабағы арасында

сабақтастық,байланыс орнату.

Дамытушылық мақсаты:Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту,сұраққа

жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.

Көрнекіліктері:интерактивті тақта,жабайы жануарлардың суреттері,аудиотаспа.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.Балалар шаттық шеңберіне тұрып,төмендегі өлең жолдарын айтады.

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Балаларға жаңа сабақ тақырыбын хабарлау. «Жабайы аңдардың қысқытіршілігі».

2.Негізгі бөлім.

1.Сұрақ- жауап әдісі арқылы балалардан қандай жабайы жануарларды білетіндерін сұрап,жауаптарын тыңдау.

2.Балалардың назарын тақтаға аударту, атаған жануарлардыңсуретін тақтаға шығару:бұғы,аю,қасқыр,түлкі,қоян,тиін,жолбарыс,арыстан.

3.Әр аңның қандай дыбыс шығаратынын көрсету,тыңдату.

4.Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?

Ал, қандай жануарлар қысқа азық жинамайды?

Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді.Бұғы ағаштардың кішкентай бұталарын жейді. Түлкі өте иісшіл жануар,қар астынан тышқандарды қазып жейді. Түлкінің қысқы азығы-тышқан.Ал аю қысқа азық жинамайды.Денесіне майжинап алып,қыс бойы апанында жатып табанын сорады.Тиін ағаштардың қуысын мекен етеді.Ол жаз бойы саңырауқұлақ,жаңғақтарды жинап ағаш қуыстарына жинайды.Қасқыр,арыстан,жолбарыс өзіненәлсіз жануарлармен қоректенеді. Осы аңдардың қоршаған ортаға қайсысы зиянды,қайсысы зиянсыз екенін анықтау.Балаларға ажыратып айтқызу.

3.Дидактикалық ойын: «Қорегіне қарап, аңнын атын тап»

Сергіту жаттығуы

Балалар музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билейді. Қоян сияқтысекіреді,түлкі сияқты денелірін қимыл-қозғалысқа келтіреді.Аю сияқтықорбаңдап жүреді.Тиін сияқты ағашқа өрмелеген қимылдар жасайды.

4.Балаларды тақтаға шығарып «Аңдардың қар бетінде түскен іздеріне қарап,сызық арқылы көрсет» тапсырмасын орындату.Шарты:Жабайы аңдардың суреті және олардың іздері бейнеленген.Қар бетіндегі іздер қай аңдікі екенін тауып сәйкес сызықтармен қосады.

Қорытындылау:

Балалалардың сабақта алған білімдерінің нәтижесін анықтап,қорытындылау.

-Қандай жабайы аңдарды біледі?

-Түлкінің қысқы азығы не?

Қай аң қоршаған ортаға зиянды,қай аң зиянсыз?

«Дауысынан таны»дидактикалық ойыны.Шарты:аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын тыңдатып,дауыс қай аңдікі екендігін ажыратып,

айтқызу.

Автор:
Р.Р. Дайырбекова №13 М.Мақатаев орта мектебі Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Өтеген батыр кенті