Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Таулар


8 февраля 2013, 00:48 | 2 225 просмотров


Сабақтың мақсаты: Таулар.Таулардың биіктігіне қарай бөлінуін, таулардың пайда болуын оқушыларға түсіндіру. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулардың өзгеруі туралы мысалдар келтіре отырып пәнге қызығушылығын ояту. Сөздік қорларын молайту. Жауапкершілікке, өз бетімен еңбектенуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі Аралас

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті, бейнелеу,

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, деңгейлеп тест тапсырмаларын беру.

Сабақтың көрнекілігі: Физикалық карта, мазмұнды суреттер, кескін карта, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1)Жанартау қалай пайда болады?

2)Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер?

3)Жанартауды не үшін зерттеу қажет?

4)Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?

5)Жер бетін қалыптастырудағы жанартау әрекетінің рөлі қандай?

Бейнелеу пәнімен байланыс.

Жанартаулар туралы суреттерін тексеру.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе. Биігінде қар қалың,

Бауырында қалың бау.

Жанартаудың арманы-

Жеке-дара жалындау.

Оқушыларға қандай ақын жазушылардың табиғат туралы айтылған өлең шумақтарын білесіңдер ? /оқушыларға жатқа айтқызу/

Сендер табиғат сұлулығы туралы көптеген өлеңдер біледі екенсіңдер, олай болса бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз табиғат сұлулығының бір бөлігі таулар туралы болмақ.

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі.

IY. Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей оқыту.

Y. Физикалық картамен жұмыс.

6 материктің ең ірі тауларын картадан оқушыларға тапқызу.

YI. Тарих сабағын еске түсірейік.

Ең биік шыңдарды бағындырған қандай атақты адамдар білесіңдер?

Қай жерлерден, таулардан ескерткіштер, қазба байлықтар табылған ?

«Алтын адам» бейнесі қай қала табылды?

YII.Кескін картамен жұмыс.

6)Жарты шарлардың кескін картасына Гималай, Анд, Кордильер; Орал, Кавказ, Памир, Тянь-Шань тауларының ең биік шыңдарын белгілеңдер.

Жер шарындағы таулардың бәрі бір мезгілде пайда болған жоқ:олардың біреуі ерте, біреуі кеш түзілген. Мысылы өмірмен байланыстырсақ адамдарды, біреулері дүниеге ерте келсе, енді біреулері кеш келеді. өсімдіктерді, жануарларды алуға болады.

YIII. Деңгейлеп тест тапсырмаларын үлестіру.

1 деңгей

1)Таулар биіктігіне қарай топқа болінеді? А)2 б)3 с)4 д)6 е)5

2)Дүние жүзіндегі ең биік шың қай тауда?

А)Альпі тауларында

Б) Памир тауларында

С) Кордильер тауларында

Д)Анд тауларында

Е)Гималай тауларында

3)Дүние жүзіндегі ең ескі тауды көрсетініз?

а)Гималай б)Анд с)Памир д)Алтай е)Орал

2 деңгей

1)Жер бедерінің ең ірі пішіндері:

а)таулар,жазықтар,мұхиттар

б)материктер,мұхиттар

с)жыра,аңғарлар

д)төбе,мұхит асты жоталары

е)шұңғыма,ойпаттар

2)Таулар бір-біріне жалғаса отырып құрайды?

А) Тау өлкесін Б)Тау торабын С)Тау жотасын

Д)Тау аңғарын Е)Тау шындарын

3)Қатпарлы таулар?

А)Скандинавия таулары б)Алтай с)Орал

д)Кавказ е)Қазақстан ұсақ шоқысы

IX. Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін сұрақтар мен тапсырмалар арқылы бекіту.

Сабақ ұнадыма , несімен ұнады, не білдіңдер? /оқушылардан жауап алу/

X. Оқушыларды бағалау.

XII. Үйге тапсырма.22 -23 пар, кестені толтыру, таулар туралы газет -журналдардан қосымша материялдар дайындап келу.

Автор:
А.Ж Баймуханбетова Тарас орталау мектебінің география пәнінің мұғалімі Ақсу ауданы