Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"М" дыбысы және әрпі


8 февраля 2013, 00:53 | 2 502 просмотра



Сабақтың мақсаты:

1.М дыбысымен таныстыру. Балаларға М дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіріп,сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу.Жазуға қолдарын жатықтыру.

2.Олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

3.Ойын арқылы ой- өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Әдіс- тәсілдер: ойын, көрнекілік, сұрақ- жауап.

Көрнекі -құралдар: суреттер, магнитті тақта, «Сауат ашу әліппе дәптер»

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Енді, қыс айларын кім атап береді?

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан

Енді,сабағымызды жалғастырайық.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

-Қанеки, балалар өткенде біз қандай дыбыспен таныстық.

-Д дыбысымен, әрпімен

-Дұрыс айтасыңдар.

-Д дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

-Мысықтың суретін көрсету.

-Мысық сөзі қай әріптен басталып айтылып тұр.

-М әрпінен басталып айтылып тұр.

-Біз онда бүгін сендермен М әрпімен танысамыз.

-М әрпі қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс

-Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?

-Көк текшемен белгіленеді.

Дәптермен жұмыс

М әрпінің баспа түрін жазып, өрнекті аяқтаймыз.

Сергіту сәтін жүргізу.

Алма баққа барамыз,

Алма теріп аламыз.

Ең үлкенін алманың,

Анамызға сыйлаймыз.

Қима қағазбен жұмыс.

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Алма жинау ойынын ойнату.

IV.Жаңа сабақты қорыту.

-Бүгін біз қандай әріппен таныстық?

Жаңа сабақты ойынмен қорытып жіберейік.

Ойынның тақырыбы: Не жоқ?

Шарты: Тақтаға суреттерді іліп қоямын.Суреттердің барлығын көріп аламыз.Сосын көзімізді жұмамыз.Көзімізді ашып тақтаға суреттерге қараймыз.Суреттердің қайсысы жоқ екенін айтамыз.

V.Үйге тапсырма беру.

Автор:
Нұржан Базаралина «Сағакүрес орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Ақсу ауданы