Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Вв" дыбысы және әрпі


8 февраля 2013, 00:55 | 1 853 просмотра


Сабақтың мақсаты:

1.Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, сауатты жазуға, оқуға үйрету, адамгершілікке, Отансүйгіштікке, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу, еңбекке баулу.

2.Вв дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлату, сөйлемдер құрату, шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөздік қорларын молайту, тіл байлықтарын дамыту.

3.Вв дыбысы мен әрпін таныту. Сөздегі орны туралы түсінік беру, ол арқылы берілген сөздерді дұрыс оқуға және жазуға үйрету.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, әңгіме, түсіндіру,

Көрнекілігі: интерактивті тақтамен жұмыс, кеспе әріптер, шаблондар,

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Қазір бізде әліппе сабағы. Сабағымызды бастамас бұрын, барлығымыз орнымыздан тұрып бір-бірімізге сәттілік тілейік. Мақсатымыз- білім алу.

Міндетіміз- еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

Мақсатқа қол жеткізу.

Өте жақсы, балалар!

ІІ. Өткенді қайталау

Балалар, енді өткен әріптерді еске түсіріп, қайталап шығайық. Ол үшін мен сендерге тақтадан суретті әріптерді көрсетіп отырамын, сендер сол әріптердің дауысты немесе дауыссыз екенін анықтап қолдарыңдағы шаблондарыңды көрсетесіңдер.(интерактивті тақтадан суретті әріптерді көрсету)

ІІІ. Мақсат қою

-Енді тақтаға назар аударайық. Бізге жұмбақ берліліпті. Сол жұмбақты шешіп жіберейік.

Үзеңгісін тептім,

Зымырап кеттім. (Велосипед)

-Өте жақсы.Велосипед не екен?

-Велосипед көліктің бір түрі. Велосипед екі дөңгелекті аяқпен теуіп айдайтын көлік. Велосипед қазіргі машина, автобус, пойызымыз болмай тұрған кезде адамдар алыс жолға бару үшін мінген. Ең алғаш велосипед төрт аяқты, одан кейін үш аяқты, содан барып екі аяқты етіліп жасалған. Қазргі кезде де адамдар велосипедті бір жерге бару үшін немесе денені шынықтыру, спорт түрі бойынша пайдаланып жүр. Велосипедпен жарысатын спорт түрін веложарыс деп атайды. 2012 жылдың жазында Лондон қаласында спорттан олимпиадалық жарыстар болды. Олимпиадада веложарыстан жарыстар өткізілді. Қазақстанның атынан осы жарысқа кім қатысты? Естеріңде бар ма? Әрине, Александр Винокуров қатысты. Ол олимпиададан алтын медаль алып, Қазақстанның атын әлемге танытты. Ендеше велосипед сөзін буынға бөліп жіберейікші. Ве- ло- си- пед

ІҮ.Жаңа білімді меңгерту

Вв дыбысы орыс тілінен енген дыбыс. Ол көбінесе орыс тілінен неген сөздерде көп кездеседі. Вв дыбысы төменгі ерін және жоғарғы тістің жуысуынан жасалатын дыбысты белгілейтін әріп. Қане бәріміз В дыбысын айтып көрейікші.( балаларға дыбысты айтқызу)

Кітаппен жұмыс. Кітаптағы қарамен жазылған сөздерді оқушыларға жеке-жеке оқыта отырып, интерактивті тақтадан суреттерін көрсету, мәндерін түсіндіру. Осы әрбір көліктің тұрақтайтын орындары болады. Мысалы: ұшақ- әуежай, автобус, троллейбус, трмвайдың әрбір тұрақтайтын орны – аялдама, қайықтардың, кеменің орны- айлақ, машиналардың орны- автотұрақ десек, пойыздың орны- вокзал. Ендеше осы вокзал туралы жазылған әңгімені оқиық. (мәтінмен жұмыс)

Сергіту жаттығуы: Қызыл жанса артқа жүр,

Сары жанса алға жүр.

Көк жанғанда үш қадам,

Абайлап қана бас қадам.

-Вв дыбысының жазылуын үйрету. Ауада жазғызу.

- Дәптермен жұмыс.Оқушыларға №2 жазу дәптеріндегі В әрпін жазғызу

-«Адасқан буын» ойыны. Буындарды араластырып, баларға буындардан сөздер құрату.

Ү.Білімді қорыту

Интерактивті тақтамен жұмыс:

ҮІ. Бағалау, мадақтау

Оқушыларды әрбір жинаған жұлдызша, төртбұрыштарын есепке алып, мақтап- мадақтап, ынталандыру.

Автор:
Салтанат Жолдасова №13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Өтеген батыр кенті