Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құстардың күзгі тіршілігі


8 февраля 2013, 00:56 | 3 386 просмотров



Мақсаты: білімділік; оқушылар табиғат көркі құстар туралы,олардың түрлері мен күзгі тіршілігі жайлы, құстардың пайдасы туралы оқып біледі.

Дамытушылық; ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту,өз пікірін дәлелдей алуға қалыптастыру.

Тәрбиелік; табиғатты бақылау, құстарды қорғау, оларға қамқорлақ жасауға баулу.

Типі: жаңа білімді игерту.

Түрі: кіріктірілген ойын сабақ

Әдісі: ой шабуылы,жұппен жұмыс,тестпен жұмыс, «Жұлдызыңды жақ,Ұшты-

ұшты, Артығын тап» ойыны.

Пәнаралық байланыс:әліппе,математика,еңбек,бейнелеу,ән.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,электронды оқулық «Хайуанаттар паркі», «Құстар

әлемінде»- слайд.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру.

Ой шабуылы.

Әр айдың ерекшелігіне тоқталу.Қыркүйекте күн жылы,ағаштар жасыл болады.Қазанда дала сарғайып,жапырақтар түсе бастайды.Күн салқындайды.Қарашада күн суытып,жаңбыр көп жауады.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

Өткен сабақта Жануарлардың күзгі тіршілігімен таныстық.Енді сол бойынша суреттерге қарай отырып,мына жануарлар туралы әнгімелеп беріңдерші.(слайдта суреттері шығып тұрады

- Кірпіні көрдің бе? Ол туралы не білесің?

- Борсық жайлы не айтасың?

- Аю қандай аң?

- Саршұнақ пен аламанды салыстырып әңгімеле.

- Тиін туралы не білдің?

- Түлкі мен қоян неліктен түлейді? Оларды салыстыр.

Электронды оқулық «Хайуанаттар паркі» сөздік жұмысын жүргізу мақсатында тест алынады.

ІІІ.Қызығушылықтыояту.

Интерактивті тақтада түрлі құстардың дыбыстарын шығару.

- Оқушылар көзімізді жұмайық та,құлағымызбен тыңдайық. Көз алдарыңа нелер елестеді? Қандай көңіл-күйде отырсыңдар? Олай болса көзімізді ашайық та ойларыңды әңгімелеп беріңдер.

ІV.Мағынаны тану.

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда құстардың күзгі тіршілігімен танысамыз.

Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Жұмбақ шешу арқылы құстардың кейбір түрлерімен танысамыз.

«Жұлдызыңды жақ» ойынын ойнайық.Тапсырмасы жұмбақтар шешу.Кім жұмбақты шешсе, сол оқушы өзінің жұлдызын жағады.

1-жұлдыз. Құйқылжытып дала күйін,

Үй ішіне салады үйін. Жауабы : қарлығаш.

2-жұлдыз. Өзге ұяға із тастап,

Өз атын өзі айтады.

Сөйтіп күнді батырады. Жауабы: көкек.

3-жұлдыз. Сұлулықтың не екенін,

Оларға қарап анықтар.

Өзге құс оған жетпейді

Құс патшасы саналар, Жауабы: аққу

4-жұлдыз.Биікке салған ағаш үй,

Сол ғой оның мекені.

Жаздай сайран салып ап,

Қыста алыс кетеді. Жауабы: қараторғай

5-жұлдыз.Түрі көмірге ұқсайды,

Адамға жақын ұшпайды. Жауабы: қарға

6-жұлдыз.Құс көрдім тырна сияқты,

Сидиған ұзын сирақты.

Шалшықтан бақа ұстауға,

Қимылы ерен ширақты. Жауабы: ләйлек

Жұмбақтар шешуін тапқан сайын сол құстардың суреттері шығып тұрады.Сол құстар жайлы мағлұмат беріп отырамын.

Қарлығаш-ол кеш келіп,ерте қайтып кетеді.Себебі,ол шыбын-шіркеймен қоректенеді.Оларды ұшып келе жатып қағып жейді.Ал шыбын-шіркей қар ерісімен шыға қоймайды.Адамға үйірсек,сүйкімді.Өзге құстарға ұқсамайтын құлаққа жағымды үні бар.Ол бір жазда 1 миллион құрт жейді екен

Көкек – өз атын өзі шақыратын,өте тамақсау құс.Өзі балапан басып шығармай,жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына туып кетеді.Одан шыққан «өгей» балапан қалғандарын ұядан итеріп құлатып жібереді.

Аққу –мойны ұзын, қардан аппақ құс.Ол 30-40 жыл жасайды.Аққу 3-4 жасқа дейін сұр боп өседі,кейін түлеп нағыз аққуға айналады.Ол 3-4 жұмыртқа басады,38-40 күнде өргізеді.Олар өте тату.Адамдар аққуды ешқашан атпаған. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды.Мемлекеттік қорғауға алынған.

Қараторғай – өте кішкентай,өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.Наурызбен бірге қараторғай келеді.Олар келісімен күн ашылып,жылынады.Жаз бойы 4 миллион құрт жейді.

Қарға – олар негізінен қыстап қалады.Оның бір қасиеті-жұт болсын,өрт болсын,аштық –аласапыран болсын туған жерін тастап кетпейді екен.Тек оның ішінде ақ тұмсықты қарға ғана жылы жаққа ұшып кетеді.

Ләйлек – ақ ләйлектің адамға қашаннан бері бауыр басқанын ешкім анық айта алмайды. Адамдар олардың келуін өздеріне жақсылық әкеледі деп есептейтін болған.

Алайда адамдарға жақын үйдің шатырына ұя салатын бұл құс қазіргі уақытта өте сиреп кеткен. Олар мемлекеттік қорғауға алынған.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқып беру.Мазмұнына тоқталу.

Күзде құстардың жемісі азаяды.Көптеген құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ұшар алдында олар топталып,азық іздеп қоректеніп,күш жинайды.Оларды үркітіп,егістіктен қуалама.Олар ұзақ жолға шыдау үшін күш жинап жүр.

Жыл құстары – күн суыта бастағанда жылы жаққа ұшып кететін құстар.

Олардың жылы жаққа кетунің себебі – жемінің азайуы.Күн салқындап,құрт-құмырсқа тығылып қалады.Сол кезде құстар топтала ұшып,лек-легімен жылы жаққа кете бастайды.Ал көктемде қайта келу себебі,ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалары шіріп,ұрпақ өрбіте алмайды.

Сергіту сәті.

Құстарға біз ұқсайық,

Қане,қанат жазайық.

Ұшып-ұшып алайық.

Орнымызға қонайық.

Ұшты-ұшты ойынын ұйымдастыру.

Ұшты-ұшты қарға ұшты,

Ұшты-ұшты балға ұшты.

Ұшты-ұшты көкек ұшты,

Ұшты-ұшты өтек ұшты.

Ұшты-ұшты тырна ұшты,

Ұшты-ұшты тырма ұшты.

Ұшты-ұшты жапалақ ұшты,

Ұшты-ұшты шапалақ ұшты.

Дәптермен жұмыс жүргізу үшін «Артығын тап» ойынын ұйымдастыру.

Әртүрлісуреттерарқылыберілгентапсырма.

1-сурет. 2-сурет. 3-сурет. 4-сурет. ЖылқыЖапалақКөгершінШағала

ҚойҚарлығашТотыШыбын

ШағалаБүркітТырнаҚарға

ТүйеАққуШағалаШегіртке

Артығынтауып,олардыңаттарындәптергежазу.

ІV.Ойтолғаныс

Жаңасабақтыпысықтау:

Қандайжылқұстарынбілеміз?

Құстарнеменқоректенеді?

Біздіңауылда осы құстаркездеседіме?

Күздеқұстар неге жылыжаққаұшыпкетедідепойлайсыңдар?

Көктемдежылқұстарықайтыпоралады?Себебінайт.

Құстартабиғатқақандайпайдакелтіреді?

Практикалықжұмысарқылыоқушылардыңшығармашылығынарттыру.

І топта – бейнелеусабағы.Құстыңсуретін салу 4 кезеңнентұрады.

ІІ топта – еңбексабағы.Геометриялықфигураданбалапанқұрастыру.

ІІІ топта – әліппесабағы.Құстартуралықандайөлеңдер, тақпақтар мен жұмбақтарбілесіңдер?

V.Үйгетапсырма.

Оқулықтағысюжеттісуреткеқарап«Үйрек пен түлкі» туралыертегіқұрастыру.

Автор:
Гүлнар Досымханова Алакөл орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Алакөл ауданы, Қамысқала ауылы.