Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сөздік жұмысын жүргізу әдісі


8 февраля 2013, 00:57 | 2 117 просмотров


Сөздік жұмысын жүргізудің пайдасы оқушының сөз байлығын молайтумен шектеліп қалмай,шәкірттерді жаңа сөздерді қатесіз,сауатты жазуға үйретеді.

Кейде оқушылар өз сөздік қорында жоқ бейтаныс сөздерді мүфдіріп,ежелеп оқиды.Мұның өзі мәнерлеп оқуға мұмкіндік бермейді.Ал, мәнерлеп оқи білмеу – шығарманың көркемдігінен ләззат ала алмау, мазмұныны жете түсінбеу деген сөз.

Жеке сөздерді түсіндіргенде олардың этимологиясын айту құрамыны грамматикалық талдау жасай отырып қана сөзді жете меңгеруге жол ашады. Сөздік жұмыс жүргізудің әдістері әр алуан.Мұғалім сабақты түсіндірүдің тәсілін өзгертіп отыратыны сияқты,сөздік жұмысын жүргізгенде де онда қолданылатын тәсілдерді ерте ойластыруы қажет әрі оны жиі түрлендіріп отырған абзал.Сондықтан мағынасын түсіндіретін сөздердің өзін түрлі әдістермен ұқтырамыз.Мысалы: ақбөкен, бұлан, дауылпаз, дулыға, сауыт, қорамсақ, т.б сөздерді нақты заттар мен жануарлардың, құстардың суретін көрсету арқылы түсіндіру керек.«Иін, қарашық, бұғана, шықшыт, сегізкөз, босаға,сауыр, толарсақ» сияқты сөздерді ұғындыруда көрнекі құралдардың атқаратын қызмет ерекше. Мағынасы белгісіз сөзге оқушылардың өздері көп қолданылатын синоним сөздер арқылы түсінік беруге болады.Мысалы: «әулетті, салтаң, көне, сарын, рең» деген сөздердің мағынасын түсіндіру үшін балалардың өздері жиі қолданатын – мықты – кушті, жалғыз – дара – жеке, ескі – кәрі, үн - әеуз – дыбыс,түс - өң – түр,тағы басқаларын пайдалануға болады,

Балаларға беймәлім сөздерді түсіндірудің тағы бір жолы – антоним сөзбен салыстыру арқылы түсіндіру. «Түнек – жарық, үрдіс – баяу – ақырын,үшкір доғал, даттау – мақтау, ағаштан түйін түйген – түйе үстінен сирақ үйткен, қырғи қабақ – ауыз жаласқан» сияқтылар.

Сонымен қатар сөзге тікелей анықтама беру арқылы түсіндіру жолы бар.Шариғат – ислам дінінің заңы, доғара – тоқыма алашадан тігілген қап,сүрең – айғай.

Мағынасы түсініксіз жеке сөздермен қатар,балалардың ұғымына ауыр тұрақты идиомалық тіркестірге де түсінік берген жөн. Қас пен көздің арасында – лезде, бір сәтте; құлақ қағыс қылу – ескерту;қу бастан қуырым ет алған – сараң; жыртысын жырту – болысу, т.б. Сондай – ақ әдебиет сабағында жиі кездесетін термин сөздердің мағынасын да ашып отыру керек болады. Поэззия – (грекше) өлеңмен жазылған шығарма, реалистік – (латынша) шындық; классик – (латынша) үлгілі.

«Дәу, бесақа, жүдә,сым,ілкіде» секілді диалект создері «үлкен,айыр,аса өте тым,шалбар,алдында»деп айтылатын әдеби тілге тән сөздермен салыстыра түсіндіру кажет. Сондай-ақ кейбір компоненттері түсініксіз қос сөздерге де түсінік беріліп отырылады.Ұлан байтақ: ұлан-монғолша- олон-көп деген сөз.Талан-тараж: тараж -парсыша-таражд деген сөзден шыққан.Мағынасы-талау,тартып алу.

Әдебиет сабағындағы сөздік жұмысына жазылуы қиын сөздер мен екі түрлі жазылу қаупі бар сөздерді де жазғызған орынды болады. Мысалы: батальон,миуа,лезде,иық,лақ,бейуақ,дақпырт,рұқсат,дәреже,бәйшешек (байшешек емес), бәйтерек (байтерек емес),әжім (ажым емес),бүлдіргі (бүлдірге емес),ішек (шек емес),ішінара (шінара емес),т.б Мұғалімнің басты мақсаты балаларды ойлауға, шығармашылдық ізденуге баулу болса,мұның өзі оқушыларды жаңа сөзбен таныстыру жұмысында да ескерілуі тиіс және әрбір сабақта оқушылардын қай сөзді түсінбегенін,қандай жаңа сөз кездестіргенін сұрап отырған жөн.

Сол сияқты бір оқушыға түсініксіз көрінген сөзді әуелі оқушылар талқысына салған ұтымды, Мұның өзі балалардың белсенділігін арттырады. Түсініксіз сөздерді тақтаға жазып,оны оқушылардың сөздік дәптерлеріне дұрыс көшіруін кадағалап отыру керек.

Сабақ үстінде сыныптан тыс оқуда үйретілген сөздерді оқушылардын сабақ айтқан уақытында кірістіруін талап етіп,ауызша берген жауапқа ғана қанағат етпей, тақтаға жаздырып, қалай жазылатынын да үзбей тексерген орынды.

Жаңадан үйренген сөздерді қатыстырып, класта ауызша сөйлем құрастыруға болады.

Жаңа сөздер оқушылар есінде берік сақталуы үшін ауық-ауық терме диктант алған пайдалы.

Қорыта келгенде, оқушылардың сөз байлығын арттырып, тілін дамытуда тек әдебиет пен тіл сабақтарында ғана емес, басқа пәндер бойынша да сөздік жұмысы жүргізіліп, оқушылалдың сөйлеу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін естен шығармау керек.

Автор:
Назгүл Жирикова Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясы Талдықорған қаласы