Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Кембридж тәсілдері - жаңа білім жүйесі


8 февраля 2013, 01:00 | 3 967 просмотров


Қазақстанның өсуі, өркениетті елдер қатарына қосылу,болашағының жарқын болуы бүгінгі жастарға байланысты.Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса,еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ.Қазақ «Бұлақ көрсең ,көзін аш»-деп тегін айтпаған.Халқымыздың «Қын түбінде жатпас» асылдарын үлкен асуға жетелейтін,еліміздің еңсесін биіктетер өскелең ұрпаққа жаңаша білім беру-бүгінгі таңда бізден көп өзгерісті талап етеді.

Кембридж Бағдарламасы бойынша өткен біліктілікті арттыру курысының мақсаты мұғаламдерге теориялық білімге негізделген оқыту мен оқушылар жөнінде және өз тәжірибесін жетілдіру үшін іс-әрекет арқылы зерттеу нәтижелерін қолдану туралы кәсіби түсінік беру болып табылады. Қыркүйек айынан бастап, Алматы қаласындағы «Өрлеу» Ұлттық біліктілігін арттыру орталығы Акционерлік Қоғамының филиалы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру иститутына үш айлық білім жетілдіру курсына келдім. Курсқа келудегі мақсатым білімімді жетілдіруге жаңа тәсілдерді үйреніп,оны іс-тәжірибемде кіріктірсем деген ой. Кембридж әдіс-тәсілдерін осы үш айлық курсты оқығалы бері жеті модульді сабақта кірістіру арқылы оқушыларды қызықтыруға болатындығын байқадым. «Не үйрендім?» -деген сұрақты өз-өзіме қоятын болсам,үйренгенім өте көп.Атап айтсам,топқа қалай жұмыс жасау,диалаог арқылы оқыту,формативті бағалау қалай жұмыс жасау керектігін үйрендім. Бұрын тек жиынтық бағалау білсек осы курста бағалаудың екі түрі болатындығын білдім.«3 жұлдызша ,1тілек» арқылы бағалап,оқушыларды ынталандыруға болатындығын түсіну арқылы,бұл бағалаудың формативті екенді туралы ұғым қалыптасты. Ең бастысы әрбір өткізген сабағыма рефлективті есеп жазуды үйрендім. Рефлективті есеп жазу арқылы өз-өзіңді реттеуге болатындығын түсінуге болады.Мысалы,: «Келесі сабақта қандай модуль қолдансам болады?»- деп өзіңе-өзің сұрақ қою арқылы келесі сабақта жоспарлауда тиімді тәсілдерді,оқушылардың қызығушылығын оятатын тапсырмаларды қолдануға тырысасың. Әрбір сабақты өткен сайын өз-өзіңе есеп беріп отырсаң, келесі сабақтарың да сәттің шығатындығын байқадым.Менің сіздерге осы үш айлық курстан алған білімімнің нәтижесі ретінде бір сабағымның үлгісімен тәжірибемді бөліскім келеді.

Қазақ тілі. 11 в сынып

Сабақтың тақырыбы: Адамның ұзақ өмір сүруі мүмкін бе?

Түйінді идеялар: Мәтін бойынша оқушылардың алған білімдерін негізге ала отырып,топтық жұмыс жүргізу барысында жүзіге асыру;Топтаса бірлесу арқылы қарым-қатынас қасиеттерін қалыптастыру.Оқушыларға арналған тапсырмалардың тиімділігін жүзеге асыру. Оқыту нәтижесі: Жалпы сұхбат туралы түсінік қалыптастыру.Өзара сұхбаттасып, мәтін туралы ой түйіндеу.Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлеу,өз ойын ашып жеткізуге қабілеттерін арттыру.

Жаттығулар: 1.Тақырыпты ашу.(слайд№1)

2 ..Деңгейлік тапсырмалар.

3.Оқулықпен жұмыс.

4.Өздік жұмыс.

Тапсырмалар:

1-Тапсырма (10минут)

Мақсаты:Ұзақ жасаған адамдардың суретін көре отырып,мәтінмен байланыстырып сабақтың тақырыбын ашу.

Оқушыларды сапқа тұрғызып бірден беске дейін санатамын.Әр оқушы өзінің нөмірі бойынша топтарға бөлінеді. Топтарға бөлінгенен кейін партадағы әр түрлі жеміс-жидектердегі жапсырылып жазылған жақсы тілектерді бір- біріне оқиды.

Тақтадағы суреттерді көре отырып,(слайд№2) Осыған байланысты мынадай сұрақтар қойылады.

1.Қалай ойлайсыңдар,адамдар неше жыл өмір сүруі мүмкін?

2.Біздің елімізде қарттарға қандай жағдай жасалған?

3.Адам жасын ұзарта аламыз ба?

4.Ұзақ өмір сүру эликсирінің рецепі қандай?

Жабдықтар:А-қағаз

Жемістер мен көкөністер

2-тапсырма (7-минут)

Мақсаты:Тақырыпқа қатысты ойтолғау.

Адам жасын ұзарту үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Карточкалармен топ болып жұмыс жасайды.(слайд№4)

3-тапсырма (10минут)

Оқулықтағы тапсырмаларды топпен бірлесе отырып орындайды.

Әр топқа 1жаттығудан беріледі.1.1 ,1.2 ,1.3 ,1.4, 1.5(слайд№5)

-тапсырма(10минут) 1.3.Жағдайат.Бұл тапсырма барлық топқа берілді.

Табиғатқа серуендеуге шыққанда не аласыңдар?Сендердің әрқайсысыңа әр түрлі тағамдар,сусындар ұнайды. Берілген тапсырмалар, жағдаяттар бойынша өз ойларыңды әңгімелеп беріңдер.

Үйге тапсырма:

Қорытынды: Топ басшылары бағалайды.(2минут)

Автор:
Майгүл Жапақова Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы Талдықорған қаласы