Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаратылыстану пәніне саяхат


8 февраля 2013, 01:04 | 1 984 просмотра


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімін кеңейту, білік пен дағдының қаншалықты дәрежеде меңгергенін анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсендіре қатыстыру, өз бетімен ізденіп, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, үй тапсырмаларын тиянақты орындауға үйрету.

Тәрбиелік: Табиғат- Ананы қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу арқылы дүние танымдық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: жарыс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, суреттер.

Сабақтың әдісі: ойын – элементтері, сұрақ – жауап, баяндау.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Сайыс сабақ

ІІІ. Қорытындылау

IV. Үйге тапсырма беру

V. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, топтармен және жоспармен таныстыру.

ІІ. Сайыс сабағы: (4 турдан турады).

І тур. «Тапқыр болсан тауып көр» (тест шешу.10 сек ішінде шешу керек.)

1-ші топтың сұрақтары.

ІІ тур. «Бәйге» ойыны (кім бірінші болып жауап береді?)

1. Адам табиғаттан нені алады?

2. Монокуляр дегеніміз не?

3. «Дождомер» дегеніміз не?

4. 32 есе үлкейтіп көрсететін телескопты кім ойлап тапты?

5. Ш. Уалиханов қай жерлерді зерттеді?

6. Жердің шар тәріздес екендігін кім дәлелдеді?

7. Галактика дегеніміз не?

8. Біздің Галактикамыз қалай аталады және не себепті?

9. Күн мен Жердің орташа ара қашықтығы қанша?

10. Күн неше қабаттан тұрады?

1. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар шығады

2. Тұңғыш рет Жерді ғарыштан көрген ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин.

3. Айдың суреті

4. Жер мен Айдың суретті

5. Ғарыш кемесі

6. Сатурн ғаламшардың суретті

7. Юпитер ғаламшарының суреті

8. Глобустағы меридиан сызығы мен параллель сызығы

IV тур. Глобус және картамен жарыс.

1. Картадан оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс бағыттарын көрсету.

2. Экватор сызығын кім көрсетеді?

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма: Ай – Жердің серігі.

V. Бағалау.

Автор:
Айгерім ДИХАНБАЕВА, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейі география пәнінің мұғалімі.Талдықорған қаласы.