Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Генетиканың даму тарихы


8 февраля 2013, 01:04 | 1 858 просмотров


Білімдігі:

Генетика ілімінің даму тарихын талдай түсіндіре отырып, білім алушыларға генетика биология ғылымдарының басқа салалары арасында маңызды ғылым екенін оқыту.

Дамытушылығы:

Генетика ілімінің дамып- жетілуіне үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін оқып-үйренуді дамыту.

Тәрбиелігі:

Ақпарат құралдары арқылы жаңа инавациялық әдістерді пайдалана отырып білім алушылардың шығармашылығын дамыта оқытуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Өткізу әдісі:саралап-деңгейлеп оқыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек –сызбалар, электронды оқулық,тест

Пайдаланған әдебиеттер:Жалпы биология Т.Қасымбаева,К.Мұхамбетжанов,

Жалпы биология Н.Асанов,А.Соловьева

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.

Сынып оқушыларын топқа бөліп, топ жетекшілерін тағайындау.

Жоспары:

1. Қайталау оқу анасы.( үй тапсырмасы)

2. Психологиялық икем «Кім шапшаң?»

3. Сызбалар сыры.( тірек –сызба)

мәтінге талдау жасау.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасы:

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Генетиканың даму тарихы

Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады.

Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.

Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл теория бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары өзінен ұсақ бөлшектер — геммулалар бөліп шығарады. Олар жыныс органдарына өтеді де сол арқылы белгілер мен қасиеттер ұрпаққа беріледі. Геммулалар кейде “мүлгіген жағдайдаң болып, бірнеше ұрпақтан кейін білінуі мүмкін. Соған байланысты ұрпақтарда арғы ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері қайталана алады деп есептелінген.

ХІХ ғасырдың 80-жылдарында “пангенезис” теориясын А.Вейсман өткір сынға алды. А.Вейсман “ұрық плазмасы” туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс клеткаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты.

Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1965 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтарға, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды.

1- тапсырма.

1) Қосарланып ұрықтану тек қана мына ағзаларға ғана тән құбылыс.

А-жануарда

В-өсімдіктерде

С-саңырауқұлақтарда

V.Бағалау:

VI.Үйге тапсырма беру:

Автор:
Шахизада Сунурова №9 Кәсіптік лицей биология пәнінің оқытушысы Ұйғыр ауданы Шонжы селосы