Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Мата туралы түсінік»


8 февраля 2013, 01:24 | 4 911 просмотров


Сабақтың мақсаты

1.Білімділік: Оқушыларға жалпы мата және олардың алынуы туралы білім беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды әдемілікті сезіне білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі түсіндіру, сұрақ – жауап, венндиограммасы.

Пәнаралық байланыс бейнелеу, дүниетану.

Көрнекі құралдар слайд гүл үлгі

Көрнекі құралдар мата қиындылар ,сым қайшы.

Сабақтың мазмұны

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың мазмұнын айқындау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Сарамандық жұмыс.

5. Сабақты бекіту.

6. Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма.

7. Сабақты қорыту.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ұйымдастыру мақсатында “Сіз білесіз бе? ”ойынын жүргізу.

Оқушылардың бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.

2. Сабақтың мақсатын айқындау.

Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.Сол мақсатты бірге орындауға шақыру.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мата тұрмысымызда кеңінен қолданылады. Күнделікті киімдеріміздің, үй, тұрмыс заттарының бәрі матадан тігіледі.Демек , матасыз өмірімізді елестете алмаймыз.

Мата – жіптер жүйесін өзара көлденеңінен тік айқастырудан туған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, ал матаға көлденең түсетін жіптерді арқау жүйе деп атайды. Мата арнайы тоқу станогында тоқылады. Мата жіптер айқасуынан, ал жіптер бірнеше қабат жіңішке талшықтардан тұрады.

Тоқылған талшықтарға байланысты маталар – табиғи талшықтардан алынған және жасанды талшықтардан алынған болып екіге бөлінеді.Коллекцияның көмегімен матаның екі түрін тану.

Табиғи талшықтардан алынатын материалдар гигиеналық тұрғыдан алғанда денсаулыққа пайдалы, бірақ тез қыртыстанғыш, үтіктелуі қиын және тез отырады.

Жасанды талшықтардан алынатын қоспа маталар жылтырлау, беті тайғақ , тез сетінейді, аз қыртыстанады. Мұндай матадан тігілген киім жақсы үтіктеледі, оңай жыртылады, тез кебеді.

Мата талшықтарын мақтаның піскен қауашағынан алады. Жануарлар өнімінің талшықтары қой, ешкі, түйе жүндерінен алынады.

Зығырды ертеде “ Орыс алтыны ”, ал мақтаны “ақ алтын” деп атаған. Орыс көпестері зығыр матасын Үндістанға сатқан. Ол барлық жерде киім, төсек жабдықтары, іш киім, сүлгі мен дастарқан тігуде қолданылған. Зығыр матасы тез қыртыстанады, оны болдырмау үшін зығыр матасына лавсан жіптерін қосып тоқиды. Мақта көптеген елдерде өсірледі. Жазы ыстық Оңтүстік Қазақстан облысында мақта дақылын өсіру, өңдеу кеңінен қолға алынған . Мақта көктемде егіледі, жазда қоза өсіп шығады.Уақыты жеткенде олар гүлдеп, бұталарында ішінде мақтасы бар жасыл қауашақтар өсіп шығады. Қауашақ ішіндегі тұқымдар жұмысақ ақ түбімен көтеріледі. Түбіт тез өсетіндіктен, қауашақ ішіне сыймайды, қауызды жарып шығады. Мақтаны күзде жинайды.

Жібек мата табиғи және жасады жібек талшықтарынан тоқылады . Жібек алу әдісі ерте заманда Қытайда пайда болған.

4. Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып , капрон матадан гүл жасау.Жұмысты кезеңдерге бөліп орыындау.

Жұмыс істеу тәсілдері

5. Сабақты бекіту.

Венн диаграммасы арқылы табиғи және жасанды талшықтардан алынатын маталарды салыстырып, оқушыларды олардың ортақ қасиеттерімен таныстыру.

6. Үйге тапсырма.

Мата анықтамасын жаттау.

Үйге маталар коллекциясын аяқтау.

Кестені толтыр.

7.Сабақты қорыту.

Бүгін сабақтың өту барысын қайталап өту. Маталар туралы қысқаша шолу.

Автор:
Гулханым Тлепбаева Ынтымақ ауылы орта мектебі технология, сызу, бейнелеу өнері пән мұғалімі Жамбыл ауданы