Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ілмек бізбен тоқу. Ілмектің негізгі түрлері


8 февраля 2013, 01:26 | 3 994 просмотра


Сабақтың мақсаты: оқушыларға ілмек бізбен әр түрлі бұйымдар тоқуды үйрету

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды іскерлікке,шеберлікке, әсемдікке,сұлулыққа тәрбиелеу

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сезім ,әсемдік қабілеттік дәрежесін қалыптастыру

Көрнекі- құралдар: Ілмекті біз,жіп,журналдар ,буклет

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды тақырып бойынша қажетті құрал- жабдықтарының бар жоғын тексеру

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты қайталау, оқушыларға сұрақтар қою:

1.Ілмекті бізбен тоқудың шығу тарихын түсіндір

2.Тоқыма тоқығанда қандай жіптерді пайдаланады? Жүн туралы жалпы түсінік бер.

3. Ілмек біз туралы мағлұмат бер.Қандай материалдан жасалынады? Қойдың бір жілігінің тоқымаға қандай қатысы бар?

4.Тоқылған бұйымның сапасы неге байланысты?

5.Ілмекті бізбен қандай бұйымдар тоқылады?Тоқылған бұйымдар қайда пайдаланады?

III.Жаңа сабақтың мазмұны:

Ілмек бізбен қайталаған кезде әртүрлі ұйымдарды тоқуға болады деп айттық.

Оқушылардың назарын көрмеге аударып,бұйымдарды көрсету,киім,шелтерлер,сувенирлер,ойыншықтар,асханалық бұйымдарды тоқуға болады деп айттық.

Сонымен қоса журнал,газеттердің қиындыларынан әртүрлі суреттер көрсету.Жаңа бұйым тоқымастан бұрын алдымен ойластырсаңдар,не үшін бұйым тоқимыз? Оның моделін саламыз не болмаса суретін .Неге? Қандай түрі болады?Қандай түсі ?Оған қандай жіп пен бізді пайдалану керектігі айтылады.Қандай шалумен тоқылады? Егер де журналдағы талаппен тоқысақ бұйым сызбасын оқуды білу керек.

Бір- екі сызбасының суретін дәптерлеріне салдыру.

Оқыту,тоқыту. Тоқыған кезде оқушылардын әр түрлі мақалдарды сұрау.Бір-екі бұйымының (1,2 сурет) тоқылу тәсілін көрсету.Ілмек бізбен басқа тоқыманың түрлеріне қарай айналдырып тоқуға болады. 5 үлпілдектен бастап тізбек тоқиды.Соңғы үлпілдекті 1 –үлпілдекке қосамыз,әрі қарай айналдырып жай шалумен тоқимыз.Қатар сайын шалуларды қосу керек,жалпақ жайылып тұру үшін осы тәсілменен әр түрлі бұйымдарды тоқимыз(жерге төсенше , шілтер, т.б) Тоқыманың диаметрі 5-6 см болуы керек,содан кейін тоқыманы кемітеміз (1 шалудан бастап) .Басын тоқып болған соң тоқыманың ішіне мақта саламыз.Аяғын айналдырып қоспай ,кемітпей,әр шалуға кіргізіп тоқимыз.

IV.Әр оқушымен жеке жұмыс

А) дарынды

Ә) нашар

V.Жаңа сабақты бекіту

1.Шалуларды не үшін қосу керек?

2.Осы тәсілмен қандай бұйымды тоқиды?

3.Жай шалудың белгісін көрсету, тоқу

Қолөнермен не үшін айналысамыз?

1.Басқа мемлекеттерге ұлттық өнерімізді таныстыру

2.Салт дәстүрімізді ұмытпай, әрі қарай жалғастыру

3.Сауда –саттық (ақшаны үнемдеу)

4.Денсаулық

5.Сыйлық

6.Көңіл

VI.Қорытындылау

VII. Бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Негізгі шалулармен бір бұйымды тоқып келу

Автор:
Раушан Нургалиева Достық кенті №11орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Алакөл ауданы