Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты әжелер сайысының сценарииі


8 февраля 2013, 01:36 | 3 034 просмотра


«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» әні әуелете орындалып тұрады. Ән бәсеңдейді.

-Армысыздар құрметті аталар!

-Атадан біздер – бата алар!

-Армысыздар аналар!

-Сіздерден шыққан даналар!

-Құтты болсын мерекең

-Құтты болсын берекең

-Құтты болсын айтады

-Ақ әже бізге кен екен!

- Мінекей, сіз боп, біз боп асыға күткен, еліміз ғасырлар, жылдар бойы аңсап жеткен Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына орай өткізілгелі тұрған, бүгінгі таңда салт-дәстүрімізге айналған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты байқауға қош келдіңіздер!

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін жинадың сен маған, иә,иә, бугінгі күн әлемнің жарығын сыйлаған, өмір сыйлаған, махабаты мен бар жақсылықты сыйлаған ардақты аналарға арналады.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, аналар, бүгінгі сән-салтанат та өзіңе арналады.

Қош келдіңіздер, аяулы, ардақты, абзал жандар! (Қол соғылып, кішкентай ұлдар гүл шоқтарымен қарсы алады, Ә.Бейсеуовтың «Анама» әні орындалып жатады.)

Армысыңдар, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Сіздерді қатысушы әжелерімізбен таныстырайын:

1.Қалампыр апа

2.Айнаш апа

3.Ұлмекен апа

4.Алтынжан апа

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты байқауымыздың мақсаты:

1. Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу.

2. Әжелеріміздің шеберлігін байқау.

3. Бүгінгі таңдағы әжелерміздің өзін-өзі ұстауы, олардың бойындағы әдептілік, ибалылық, мейірімділік, кішіпейілділік қасиеттердің өзіндік ерекшеліктерін білдіретін нышандарының, киім үлгісінің, сахна мәдениетінің қаншалықты дәрежеде екендігін байқау.

Байқаудың шарттары 6 бөлімнен тұрады:

1.Таныстыру. Қатысушылар өзін таныстырады.

2.Қолөнер сайысы

2.Өнер сайысы

3.Сұрақ-жауап сайысы

4.Ұлттық салт-дәстүрден көрініс.

5.Дастархан мәзірі

Ендеше, осы жоғарыда аталған шарттарымыздың нақты шешімін береді дей отырып,

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға,

Әділ қазы алқаларын сайлайық,

«Өнерлі әже» таңдап бүгін алуға,-деп

бүгінгі кештің бағасын берер әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Бейсенбаева Маржан – мектеп директоры, қазылар алқасының төрайымы

Кемешовна Гүлнар – ата-аналар комитетінің төрайымы, мүшесі

Алтынбеков Отарбек – ардагер ұстаз, мүшесі

Балғабаева Ақерке – тәрбие ісінің меңгерушісі, мүшесі

Байқау талаптарына жеке-жеке тоқталу/

Ауылымның сөйлегендей әр тасы

Мол болсыншы қазағымның жал-жая мен қартасы

Бейбіт күнде ойнап-күліп жүргенім

Аналар мен әжелердің арқасы!

«Анашым» әні. Орындайтын Темірхан Еңлік

Ақ жаулықты әжелеріміздің құрметіне тағы да бір ду қол шапалақ!

-Сен білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім?

-Дүниедегі ең сұлу-ол қазақ әйелі

-Солай ма, қалайша?

-Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ізгі адам.

-Қазақ әйелі-бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана.

-Қазақ әйелі –бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен, әлемдегі ең адал жар.

Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?!

-Иә, бүгін мақтасақ – барлығын жеңетін, тіршіліктің бұлағы

Абзал әжемізді мақтайық.

-Ажал оның алдында бас иетін-нағыз күшті абзал әжемізді мақтайық.

-Қандай бөгеу болса да, махаббатты аттап өтетін, барлық жахан емшегін емген ананы мақтайық.

-Бізге қажымас қайрат беретін-әйел. Анаға құлдық ұралық! Аристотель, Фердоуси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан мен Қайрат, Нұрсұлтан мен Тоқтар - сол әйелдің ұлдары, бәрі ананың сүтін емген.

-Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым. Тарихтағы Домалақ-ене, Қыз-ене, Махамбеттің пірі, айша-бибі мен Абақ-ана Жаған-бике, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, ел қорғаған Гаухар-ана бәрі бәрі- бір ғана атқа ие - «АНА». Ендеше осы абзал әжелерімізді мақтайық.

-Бұл жерде ана туралы бар шындық айтылмақшы. Жерді қанға тұншықтырған Темірдің сол аналардың алдында бас иіп, кішірейгенін де айтқым келеді.

«Ақ әжем» әні. Орындайтын Ешмұхамет Жанна

Марапаттау, мадақтау бөлімі.

Сонымен бүгінгі «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты әжелер сайысын аяқтаймыз.

Автор:
Ақерке Балғабаева директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары №37 орта мектеп Іле ауданы