Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазіргі әлемдегі мұғалім


8 февраля 2013, 01:45 | 3 768 просмотров



«Қашан көрсең, күнге ұқсаған жанары,

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі !»

Әр аданың жүрегіндегі осы асыл сөз киелі де қасиетті, мәңгі өлмес ма-мандық иелеріне арналған. Олар күннің құдіретті сәулесіндей махаббат пен адам тағдырын шешеді. Қызықты әрі қиын істе өзі шабыттанып қана қоймайды, өзгелерге шырақ болып жанып, от береді. Мектеп-жұмыс орны ғана емес, үйі, озық ойлар мекені, жан сарайы.

Мұғалімнің алғашқы да соңғы ісі-ұрпақ тәрбиелеу. Осы қызметінде пе-дагог тамызығын тауып, тасты да «жандырады» деп, сеніммен айта ала-мыз. Өйткені қанша шәкірт болса, соншама әлем бар, соншама құпия, сон-шама арман, соншама қиял бар. Соның бәріне бағдаршам болу деген-қиын-ның қиыны. Жалпы, адам жаратылысында тұңғыш жүрек пайда болады екен. Барлығы жүректен басталса, одан орын алудың өзі бақыт емес пе?! Сол бақыттылар тізімінде ұстаз есімі жарқырап тұрады.

Қазіргі әлемдегі мұғалімнің алдында нәтижеге бағытталған білім беру міндеті тұр. Ол-еркін, рухани, ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу. Немесе әлемдік стандарт деңгейіне сай оқыту дегеніміз оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжіри-беге сүйенуі. Әр оқушының ерекше болмысын, тұлғалық қасиеттерін мой-ындай отырып, мұғалім оған деген құрметін, ізгі қатынасын дамытады. Сондықтан мұғалім адам жанының емшісі, инженері, жебеушісі, демеушісі, қамқоры, қоғамдық ортамен байланыстырушы дәнекер, өткен мен бола-шақты жалғаушы, ғалым, ақылшы, дос, сарапшы, дана, бітімгер, психолог, экономист, әлеуметтік қызметкер, заң қызметкері міндетін де атқарушы. Сегіз қырлы, бір сырлы. Граниттің сан қыры қалай жарқыраса, мұғалімнің де қазіргі әлемдегі тұлғасы сондай ерекшеленеді.

Қазіргі әлемдегі мұғалім эрудит, шығармашыл, жаңашыл болуы керек. Педагогикалық әдеп атты кәсіптік сапаны терең меңгере отырып, оқу-тәрбие процесінің үш көзін: ғылым, шеберлік және өнерді тығыз ұштастыру қажет. Баланың рухани өмірін зерттеу күн тәртібінен түспеуі тиіс. Әлемде дәрігер мен педагогтің мамандығынан асқан шыншыл мамандық жоқ, со-ның қадірін сақтап, абыройын көтеру-парызымыз. А.Дистервег айтқандай, шындықта таба білуге үйрететін жақсы мұғалім болуымыз керек.

Мұғалім-ғылымы дамыған елдер қатарына апарар сенімді жетекші. Кішкентай ғана аралдғы Жапония жерінен бір грамм темір өндірмей-ақ, темірді дүниежүзінде ең көп өндіретін алпауыттар қатарында. Ол-білім, ғылымның қарыштауының нәтижесі. Олай болса, тағы да мұғалім маман-дығының жауапкершілігі өте зор деп қайталап кетейік.

Тұлғасы шәкірттерінің арманына ұқсаған мәңгілік сыйынар бейне-мұғалімге кереметтердің кереметін жасау бақыты берілген. Сол бақытты аялап, бақыт құсын ұшырып алмайық !

Мұғалім Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, заманынымыздың ең са-палы белсенді өкілі. Осындай үлкен жауапкершілік жүктегендіктен, ел ме-рейі өлшенетін ұстаз мәртебесін көтеру керек. Ұлттың болашағы ұрпағын-да болса, ұрпақ тәрбиесі ұстаздың қолында. Ал «мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, амадның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу». Өз ісіне шын берілген әр педагогтің орны-осы биік тұғырда.

Автор:
Мейрамкүл Искакова «Төлен Қабылов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Асы-Саға ауылы Еңбекшіқазақ ауданы