Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жылу құбылыстары тарауы бойынша қайталау


8 февраля 2013, 01:46 | 1 955 просмотров


Сабақтың мақсаты:а)Білімділік:Тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау.Пәнге деген қызығушылығын арттыру .Оқушылардың алған білімдерін дамытып, қорытынды жасап, білім сапасының қаншалықты артқандығын, ой – өрістерінің дамығандығын анықтау.

ә) Дамытушылық:Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту. Есептеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін, тіл байлықтарын дамыту,оқушыларға сарамандық жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

б)Тәрбиелік:жылдамдыққа , тапқырлыққа үйрету,табиғаттағы құбылысты бақылай білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: термометр, шеге, тиын, сіріңке, суық және ыстық суы бар стакан, шегені ұстап тұрушы құрал, жіп, тұз, кесек мұз, түрлі түсті суреттер.

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет,тарих

Сабақтың түрі:Аукцион сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, дамыта оқыту, деңгейлеп саралап оқыту, өз бетінше жұмыс жасау,сұрақ- жауап(ауызша)

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен амандасу, тексеру,сабаққа көңілдерін аудару.

Аукционнға жолдама алу үшін сұрақтар беріледі:

1)Заттың қандай агрегаттықкүйлерін білесін?

2)Қандай қозғалыс жылулық қозғалыс деп айтады?

3)Массасы бірдей салқын және ыстық су бірдей молекулалардан тұрады.Ішкі энергиялары бірдей болама?

4)Іштен жану двигателдерінің қолданылатын жері?

5)Мыстың температурасының өзгеру графигі кескінделген. Бөліктер қандай процестерге сәйкес келеді, өту температурасын анықта

II. Аукцион басталды І- бөлім

Құнды есеп :

а)20 0С дегі 5 кг алюминиді балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? Алюминийдің ішкі энергиясы қалай өзгереді?

б)Қайнау құбылысы.Тәжірибе жасау .Сұйықтың буға айналуы.

в) “Ойлап тап” ойыны .Заттардың агрегаттық күйлері тақырыбына арналған.

III. Үзіліс кезеңі .Көрермендермен ойын

1)Таратпа материалдар тарату.

2)Тәжірибе ұсыну.Суы бар стаканға мұздың кішкентай кесегін тастаңдар да , жіп және бір шымшым тұз арқылы мұзды судан шығарып алыңдар (кесек мұз, стакан су , жіп , тұз).

3)“Қатесін тап” ойыны

- Ақын энергияның сақталу және айналу заңын ескермеген. Тамшының ішкі энергиясы кемиді.Тамшы қатқан кезде жылуын“дүниеге”- ауаға , шыныға береді.

- Ребус.Жылу двигателдері тақырыбына арналған.

IV. Аукцион. ІІ-бөлім.

4)Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілі (тәжірибе жасау арқылы түсіндіріледі)

Екі тәсіл :жұмыс істеу арқылы , жылу берілу арқылы .

5)“Ойлап тап” ойыны(сөзжұмбақ) 1- Джоуль 2- отын 3- Галилей 4- ауа 5- барометр 6- конвекция 7- термос 8- градус 9-жылу өткізгіштік 10-Сәуле шығару 11-термометр 12-Екібастұз 13-Вакуум, Тігінен - Жылу бергіштік сөзі шығады. құс; тар ;бұл; тыс; ыс; ұрыс; лас; қар; қыл; ұста; бар; саты; ырыс; рас;қат; қас.

1) Аяқ киімің тар болса- дүниенің кеңдігінен не пайда.

2) Құста сүт жоқ- жылқыда өт жоқ.

V. Қорытындылау.

Сабақтың соңын заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтың “Халық пен халықты , адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім” деген құнды пікірмен аяқтау .

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма:“Қоршаған ортаның температурасы адамға қалай әсер етеді” тақырыбына қосымша материал іздеп келу.

Автор:
Бақытжан ҚАЙСАБЕКОВА, №38 мектепке дейінгі шағын орталығымен жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі. Кеңдала ауылы, Талғар ауданы.