Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БІЛІМ БЕРУ ІСІН ЖЕТІЛДІРУГЕ ЖА.А К.З.АРАС


15 февраля 2013, 23:44 | 1 316 просмотров


Жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық барысында бүгінгі қоғам талабы, әлеуметтік сұраным өз ойын еркін жеткізе алатын, қабілетті, айналасындағы адамдармен тіл табысып жұмыс істеуге бейім,іскер азаматтарды қажет етеді. Ал мұндай талапқа жақсы жауап беру мектеп қабырғасында шәкірттің білім алуына келіп тіреледі.

Мектеп- әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Ұлттық мектеп- қазақтың елдігінің мәселесі.

Ұлттық мектептерімізде- қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі, халық арманын арқалаған жас жеткіншек тәрбиеленіп білім алу.

Қазіргі заман мұғалімінен тек пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи – танымдық , педагогикалық- психологиялық, саяси- экономикалық білімділік және ақпараттық салауаттылық талап етіледі. Оқушы білімін жағдаятқа байланысты қаншалықты деңгейде сауатты жұмсай білу тәсілін мектеп қабырғасында игере білуі қажет. Ол үшін оқушылардың өз бетінше ойлай білуіне, өздік жұмыс жүргізуіне бағыт- бағдар беруі, баланың табиғи дарындылығы мен пәндер аясындағы және ғылыми қабілеттерін ояту, өзін бағалай білуі, өз ісіне сенімділікпен қарауға, өзіндік қалыптасуына, яғни өзін- өзі бекітуіне ықпал етуі керек.

Үнемі ізденісте, қоғам дамуымен бір жүретін тұлға- мұғалім. Өйткені, қазіргі оқушыларымыз өте сауатты, компьютердің құлағында ойнап, баспасөзді қалт жібермейді, көгілдір экраннан, интернеттен әлемдегі жаңалықты көңіліне құйып, бойына сіңіреді.Осындай жан-жақты зерделі оқушының кез келген сауалы мен сұрағына жауап беруге мұғалім дайын болу керек. «Беделі жоқ ұстаздың берері де жоқ», - демекші ұстаз қауымын ойландыратын үлкен мәселе - мұғалім мәртебесі, мұғалім құзіреттілігі. Бедел сатып алатын дүние-мүлік емес., ол тек мұғалімнің біліміне, мәдениетіне байланысты. Өз пәнін жетік білетін ұстаз ғана сыныптағы оқушының бар ынтасын-ықыласын өзіне аударып, сабақты өз деңгейінде қызықты өткізеді. Өтілетін тақырыпты толық меңгермеген мұғалім алдындағы шәкірттеріне не береді?

Ұлы Абай «Адамның жақсылығы ұстазынан» деген. Ұстаз болу үшін біз әрқашанда кәсіби мәдениетіміз бен шеберлігімізді арттырып, өз бетімізбен білімімізді үнемі көтеріп отыруға тиіспіз. Оқушыларға білім мен тәрбие берумен қатар ұстаз парызы - әр оқушының бойындағы қабілеттері мен дарынын танып, ашып, зерттеп әр салаға бағыттап отыру. КҒА, Дарын, пән олимпиадаларына, байқауларға қатыстырып, оқушының өзіне деген сенімін туғызып, білімін шыңдауға, қоршаған ортаға бейімделуге, қарым-қатынас жасауға қалыптастыру – мұғалімге жүктелетін міндет.

Біз жаңа заманның, өркениеттің талаптарына сай болуымыз керек. Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына кіру жолында жүргізіліп отырған 12 жылдық мектепке көшу аса күрделі реформа. 12 жылдық білім жүйесінің мұғалім үшін де, оқушы үшін де жеңілдігі мен пайдалы жағы басым, оқушыға көп күш түсірмей жақсы білім бере аламыз.

Оның бір ғана себебі, оқушылардың сөйлеу мәнері, тіл байлығы, ұлттық санасының қалыптасуы ақын – жазушылардың шығармаларын оқып үйренуде,оны талдай білуінде жатыр.Жасыратыны жоқ, тест сұрақтарын оқып, оның жауаптарын жаттау, соңғы кездері түрлі ақпарат құралдары деңгейінде тіл мамандарының көптеген зиялыларымыздың жариалап, «Жан айқайы» болып отырған кезінде бір ауыз сөзбен мәмілеге келген аталарымыздың тіл шеберлігінен мүлдем айрылып, ұрпақтарымыздың өз тілінің қасиетін білмейтін «мылқау» роботқа айналуына аға ұрпақ біздер себепші болып отырмыз

Ендеше, мұғалімнің кәсіби шеберлігін биік мәдениеттілікпен, шығармашылық ізденісін үлкен жауапкершілікпен ұштастырып сабақ жүргізе білуі - заман талабынан туындап отырған өзекті мәселе. Осы деңгейден табылған мұғалімнің алдынан шыққан оқушы -өмірдегі өз жолын адаспай табады, азамат боп қалыптасады. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғанын әрбір бала мақтаныш ете алса ғана, еліміздің болашақ, адал, саналы, білімді азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Ұрпақ тәрбиесі, оны жүзеге асыратын мұғалім еңбегі қашанда көзге көрінбейтін, жемісін аз жылдың ішінде төге салмайтын, қиындығы да қызығы мол қызмет.

Қорыта айтқанда, білім мен тәрбие беру саласында оқытудың педагогикалық ұстанымына сәйкес, оқушының жас ерекшелігін,оның даму жылдамдығына сай келетін жолдарды таңдап,талғам талаптарына қажетті сұраныстарды қанағаттандыратын технологиялар мен инфрақұрылымды жасап, жоғарыда айтылғандай, жас жеткіншекті ана тіліне сүйене отырып, тұлғаның ой - өрісін баспалдақтап дамыту теориясына сәйкес оқыту мен тәлім – тәрбие үрдісін білім берудің ұлттық моделіне енгізуіміз қажет.

Бүгінгі өркениетті заман дамуы барысында алдымызға қойып отырған бұл күрделі міндеттерді атқару, жүзеге асыру - ұстаз қауымы үшін абыройдың үлкені.

Автор:
Қарлығаш АБЕУОВА, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.Ақсу ауданы