Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Эстафеталыќ жїгірулер


15 февраля 2013, 23:49 | 1 372 просмотра


Мақсаты: а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.

ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.

Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабаққа керек құралдар: Доп, жалауша,шеңбер, секіртпе,

кедергілер, үлкен доп, асық, қап.

Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау

І.Ұйымдастыру бөлімі

1.Сыныпты сапқа тұрғызу.

Мәлімдеме қабылдау

2.Саптық жаттығулар.

3.Жалпы дамыту жаттығуы.

а)жүру,жүгіру жаттығулары

ә)құралсыз орындалатын

дамыту жаттығулары.

ІІ. Негізгі бөлім

Сабақтың тақырыбы. Эстафеталық жүгірулер.

1.Оқушылардың өздеріне таныс эстафеталық ойын түрлерін сұрау.

Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.

Оқушы тез,тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.Сонымен қатар ойыншының икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.

2.Сыныпты екі топқа бөлу,

Эстафеталық жүгірулердің түрлерін таныстыру.

(Әр ойыннан кейін сергіту жаттығуы ойнатылып тұрылады)

Команда болып жүгіру( пойыз)

Кедергілер арқылы жүгіру

Доп тасу ойыны

Қаппен жүгіру ойыны

Секіртпемен жүгіру ойыны

«Допты ұста» ойыны

«Қос аяқтар» ойыны

Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын бақылау.

Жаттығуларды қатесіз орындату.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушыларды сұрақ қою арқылы сабаққа тарту.

Екі топтағы ойыншылардың теңдігін бақылау.

Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.

Мұғалімнің орындап көрсеткен жаттығу элементтерін, ойын түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау.

Әр ойынды бағалап,қоржынға асық салынып тұрады.

ІІІ. Қорытынды

Әр қоржындағы асықтар санын қосып, жеңімпаз топты анықтап,мадақтау.

Үйге тапсырма.

Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды бағалау. Ойын кезіндегі кемшіліктерді ескертіп түзету.

Автор:
Айнұр АЯҒАНОВА, Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп МДШО ММ - сі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі. Қапшағай қаласы.