15 февраля 2013, 23:59 | 2 224 просмотра
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ептілікке,төзімдідікке, шеберлікке баули отырып, денсаулығы мықты азамат етіп,спортты сүюге тәрбилеу,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Командалық жарыс.
Өтілетін орны: Мектеп іші
Керекті құрал-жабдықтар:доп, арқан, гир, ракетка, жалауша, скакалка.
Сабақтың барысы:
Мұғалім :Құрметті ұстаздар мен оқушылар Сағакүрес орталау мектебіндегі 8-7 сыныптар арасында
«Тұлпар және Сұңқар »командалары арасында «Спорт – денсаулық кепілі»атты жарысына хош келдіңіздер; жарысты өткізу мақсатым;
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ендеше сөз кезегін оқушыларға береміз.
І.Жүргізуші:
Құрметті ұзтаздар мен оқушылар сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
І. Жүргізуші:
Дене саудың – жаны сау,
Денсаулық –сенің байлығың.
Мықты болсаң досым-ау
Жуымас саған қайғы мұң.
І. Жүргізуші:
Жатып ішер көк жалқау,
Бойкүйез болма еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық еңбекпен.
І. Жүргізуші:
(Музыка ойнап тұрады)
Олай болса ортаға бірінші «Тұлпар » командасын шақырамыз.
ІІ. Жүргізуші:
Ал,келесі екінші «Сұңқар » командасын ортаға шақырамыз.
І.Команда « Тұлпар »
Біздің ұран:
Боларсың шымыр шынықсан,
Денің сау болар,балғадай.
Таныстыруы:
Сыныптың ар-намысын жалау еткен,
Тұлпарымыз бес сұлтан жаннан өткен.
Спорттың алуан түрін нақ меңгеріп,
Жеңіске күшпен емес, жеткен еппен.
ІІ.Команда «Сұңқар »
Біздің ұран:
Өнер жастар-жалындар,
Спорт жастан-жаныңдар.
Таныстыруы:
Жарысқа келіп тұрмыз бәріміз,
Біз шәкірт білім алған ұядағы.
Жарыста жеңіп шығу мақсатымыз,
Сұңқар боп самғай ұшқан қиядағы.
І.Жарыстың өтілуі бағыт жоспары:
1. Кіріспе сөз
2. Ән-ұран
3. Спорттық жарыс
4. Қорытынды бөлім