Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Көбейту мен бөлу амалдарын пысықтау


15 февраля 2013, 23:59 | 1 868 просмотров


Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік : «Көбейту мен бөлу» тақырыбы бойынша оқып, үйренген негізгі мәселелерді пысықтау. Есептер құрастыру мен шығаруды қайталау;

2. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы білімін, біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту, қызығушылықтарын артыру;

3. Тәрбиелілік: Бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу,

Әдіс – тәсілі: Ақпараттық технологияны пайдалану, әңгімелеу, ой – толғау, топтастыру, проблемалық сұрақ. ойын, түсіндіру, сұрақ – жауап, салыстыру, құрастыру,

Көрнекілік: интерактивті тақта,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Ал, енді балалар сәлемдесуден бастайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Кел, балалар, келіңдер,

Математиканы көріңдер.

Қане, қарап шығыңдар,

Білім бар да оқу бар.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) көбейту амалының компоненттерін ата.

ә) бөлу амалдарының компоненттерін ата.

ІV. Ой ашар. «Кім болам?» дидактикалық ойынын ойнаймыз.

Мамандық жайлы өздерінің ойларын айтты. Ойынды бастамас бұрын интерактивті тақтадан өзіне ұнаған мамандықтарының қасындағы тапсырмаларын дұрыс орындаса, сол маман иесі болуға лайық екеніңді көрсетесіңдер. (дәрігер, мұғалім, құрылысшы, өрт сөндіруші, суретші, наубайшы, жол сақшысы.)

V. Сергіту сәті.

Алқаптағы бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен.

VI. Ой толғаныс:

- Балалар, осы айтқан сергіту сәтіміз не жайлы?

- Күз

- Ал, күз дегеніміз не? (оқушылар жауабы тыңдалды)

Өз ауылымыздағы диқаншылар еңбегінің жемісі жайлы қысқаша әңгіме жүргізе отырып, тақырыпқа байланысты есептер шығару;

1. 18 кг жемісті пакеттерге 2 кг – нан бөліп салу керек. Неше пакет қажет болды?

Шешуі: 18 :2 = 9

Жауабы 9 пакет

2. (интерактивті тақтаға бірнеше алмаларды тәрелкеге салып, көрсету.)

Сен тәрелкелерге 3 алмадан салдың, санағанда 15 болды. Сонда неше тәрелкеге алма салдың? Жауабын жаз.

Шешуі: 15 : 3 = 5

Жауабы: 5 тәрелке

3. Бірнеше сәбізден 3 дорбаға тең бөлініп, салынды. Сонда әр дорбада 9 сәбізден болды. Барлығы неше сәбіз болды? Жауабын жаз.

Шешуі: 9 * 3 = 27

Жауабы: 27 сәбіз.

VIІ. Құрастыра біл.

Кез келген фигураларды тақтаға сызу, үштен бір бөлігін тауып, бір бөлігін бояу керек. Оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын түсіндіремін.

VIІІ. «Тапқыр болсаң шешіп көр» жұмбақ есептер

Дүкеннен мен кітап алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Өшіргішті тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бәрі. (6)

ІХ. «Жүзден жүйрік»

Кесте бойынша есеп құрастыру, олардың шешуін талдау.

Х. «Кім жүйрік» ойыны

Амалдарды орындап, калькулятормен тексеру.

ХІІ. Бағалау.

Мұғалім:

Бәрекелді, балалар!

Бәріңе бестік баға бар

Азамат боп өсіңдер,

Ел қадірін бағалар.

Міне, оқушым қаншаға,

Кеңейді өріс, өреміз!

Әр сабақтан тамсана,

Інжу – маржан көреміз.

Келесі де қалғанын,

Тағы да айтып береміз.

Ал, әзірге қош бала,

Күнделікке баға қойып беремін, - деп білімдерін бағалаймын.

ХІІІ. Үйге тапсырма:

Автор:
Гулайым Альдекенова М. Мәметова атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Сарқанд ауданы, Көктерек ауылы